Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Құлпытастың көз жасы
Рейтинг: 4.000
ISBN:
978-601-80146-1-1
Беттер саны:
424 бет
Жанр:
Хикаят 
Құлпытастың көз жасы
Ұсыну

Өмірлік шындықты көркемдік биік талғам тұрғысынан ашық та айқын көрсетуді жалпы суреткер атаулыға ортақ шығармашылық мақсат деп қарайтын болсақ, бұл кітаптағы жазушының әрбір көркем шығармасындағы ой-қуаты мен сөз тасқыны кім-кімді де бей-жай қалдырмасы анық. Заман мен қоғам және адам аралығындағы тіршіліктің үш болмыс кеңістігіндегі кереғарлықтар мен өзара ықпалдастықтар, теріс көзқарастар мен дағдылы ой пікірлер шарпылысы, пенделік тағдырдың тамшы уы, өкініші мен қуанышы, ізгілік атаулының жасампаз жеңісі көркемдік тұрғыдан айшық тапқан. Өткен өмірдің мәртебелі мінберінен қарайтын ізгілік мұраттардың бүгінгі күндегі мүшкіл халі, дәстүрлі ғадеттердің жанашыл үрдістермен үнемі ымыраға келе бермейтіндігі, адам мінезінің алуан қырлылығы, оның қия құздары, шынырау тереңдігі суреткер жазушы тарапынан жан-жақты екшеліп, тартымды әрі нанымды қарастырылған. Жазушының әңгімелері қарапайым өмір тіршіліктің өзегінен нәр алып, күрделі философиялық ой түюге бейім келеді. Тілі көркем де бай, ойы орамды.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар