Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Қазақстан архитектурасы 10 том
Рейтинг: 0.000
ISBN:
978-601-209-213-4
Беттер саны:
192 бет
Жанр:
Қазақстан архитектурасы 10 том
Ұсыну

Ұсынылып отырған кітап 1998 жылы басылып шыққан “Алматы. Архитектурасы және қала құрылысы” атты монографияның жалғасы болып табылады. Бұл туындыда Алматы қаласындағы объектілердің өзіндік ерекшеліктері мен әсем ырғақты мәнерлілігі зерттеліп оларға жан-жақты талдау жүргізілген. Сонымен бірге Алматы сәулетшілерінің шығармашылық ізденістеріне ықпалын тигізетін негізгі факторлар: табиғи климаттық жағдайлар, қала құрылысының ахуал-деңгейі қарастырылып, халық сәулет өнерінің тарихи мұраларын, материалдық және рухани қазыналарын, Шығыс елдерінің архитектуралық мұраларын, әлемдік архитектураның жетістіктерін игерудің нәтижелері баяндалады. Қала дамуының әлеуметтік-экономикалық мәселелері, оның аумақтарында архитектуралық-жоспарлау жүргізудің келешегі мен негізгі бағыттары, Алматының қалақұрылыстық дамуының өзекті мәселелері талқыланып, тұжырымдамалық пікірлер ұсынылады.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар