Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Қазақ өнерінің антологиясы. Айтыс. Т. IV
Рейтинг: 4.500
ISBN:
978-601-7318-44-4
Беттер саны:
400 бет
Жанр:
Айтыс  Айтыс 
Қазақ өнерінің антологиясы. Айтыс. Т. IV
Ұсыну
Қазақ өнері антологиясының бұл томына 1957-1991 жылдары өткен айтыстар енгізілді. Кеңес дәуіріндегі еңбек адамының дәріптелуі, өркендеген өндіріс ошақтары, кеншілердің қажыр-қайраты, тың игеру жылдарындағы ел тынысы, техникалық прогресс мәселесі айтыс жырларында кеңінен көрініс тапқан. Атап айтқанда, 1961 жылы өткен Халық ақындарының республикалық кеңесінің, Қазақ ССР -нің 50 және 60 жылдығына арналған республикалық айтыстардың материалдары ұсынылды.
«Қайта құру» жылдары мен Желтоқсан көтерілісінен кейінгі атамұра өнердің жаңғыру кезеңінің басында тұрған Е.Жақыпбеков, Ә.Қалыбекова, Ә.Беркенова, Қ.Әбілов, Ә.Жанқұлиев, Е.Асқаровтардың айтыстары да хронологиялық тәртіпке
сай осы томға еніп отыр.
Антология консерваторияның, өнер университеттерінің, өзге де жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, музыка мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларына, айтысты зерттеушілерге, сондай-ақ, қазақ өнерін қастерлейтін қалың оқырманға арналады.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар