Фариза Оңғарсынованың толық шығармалар жинағы. 6-том
Қазақтың көрнекті ақыны, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың бұл он екі томдық толық шығармалар жинағы – тұтас бір тарихи-әдеби дәуірдің идеялық-көркемдік бейнесін жан-жақты сомдаған рухани құндылығымыз. Ақын – өз заманының ар-ожданы десек, әлемдік мәні зор, поэтикалық әсері әрқашан мөлдір Фариза Оңғарсынова жырларының өз оқырманына берері мол.
Он екі томдықтың әр томы – көзі қарақты оқырманға ризық болар бір-бір рухани қазына. Бұл алтыншы томда ақынның өз өмірбаяны туралы сыр-толғауы берілген, сондай-ақ әр жылдардағы поэзиялық шығармалары, арнаулары, әлем әдебиеті ақындарының шығармаларынан аудармалары жарияланған. Поэзия шыңында өзіндік руханиятымен дара тұрған аяулы тұлға туралы еліміздің әр аймағында әр кезде жазылған өлеңдер де енді – халқымыз, өнерсүйер, жырсүйер қауым Фариза Оңғарсыноваға деген құрметтерін, сүйіспеншілігін осылайша өз жырларымен, сыр-толғаныстарымен білдіріп отырған.
Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.
Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.
Көп талқыланғандар
Мұқағали Мақатаев. ...Деген екен