Фариза Оңғарсынованың толық шығармалар жинағы. 5-том
Қазақтың көрнекті ақыны, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың бұл он екі томдық толық шығармалар жинағы – тұтас бір тарихи-әдеби дәуірдің идеялық-көркемдік бейнесін жан-жақты сомдаған рухани құндылығымыз. Ақын – өз заманының ар-ожданы десек, әлемдік мәні зор, поэтикалық әсері әрқашан мөлдір Фариза Оңғарсынова жырларының өз оқырманына берері мол.
Он екі томдықтың әр томы – көзі қарақты оқырманға ризық болар бір-бір рухани қазына. Ақынның бұл бесінші томға енген поэзиялық шығармалары, прозалық ғақлиялары мен тәржімалары балалар мен жастарға деген мейірімге, ұрпаққа айтар өсиетке толы. Бүкіл поэзиясында өзіндік руханиятымен дара тұрған аяулы тұлға балалар, жастар тәрбиесінде ұрпақтар үндестігі мен дәстүр сабақтастығына ерекше мән береді.
Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.
Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.
Көп талқыланғандар
Мұқағали Мақатаев. ...Деген екен