Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары
Рейтинг: 0.000
ISBN:
978-601-80386-3-1
Беттер саны:
352 бет
Жанр:
Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары
Ұсыну
Бұл ғылыми еңбек ислам дініндегі құндылықтарды мәдени антро пологиялық феномен ретінде қарастырып, қазақ мәдениетіндегі ислам діні нің әдептік ұғымдар бастауларын философиялық, тарихи, мәдениеттану, дінтану секілді ғылымдар тоғысында, кең пәнаралық шеңберде зерттейді. Қазақстандағы мұсылмандық дүниетанымның аксиологиялық сипаттамасын мәдениеттанулық тұрғыдан талдайды.
Монография авторы жүзжылдық тарихы бар Әл-Азхар универ ситетінің теология мамандығының бакалавры әрі магистрі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Мәдени антро пология» мамандығы бойынша PhD докторантура білім беру бағдарламасын тәмамдаған PhD докторы Ершат Оңғаров қазақ мәде ниетінің қалыптасуы мен даму үрдісіндегі ислам құндылықтары жүйесінің моральдық-әдептік категорияларын анықтап, Ислам философиясындағы ел бірлігі туралы ойлар хақында, Қазақстан үшін дәстүрлі
исламға жат радикалды ағымдар таралмауының оңтайлы мәселелері туралы ғылыми ізденіс-зерттеулерін қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық салаға нақты мәдениеттанымдық зерттеу ретінде ұсынып отыр.
Монография мәдениеттанушы, дінтанушы, философ, теолог ма ман дарға және Ислам құндылықтарын тануды мақсат еткен ізденуші қауымға арналады.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар