Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Көне дүние кемеңгерлері
Рейтинг: 0.000
ISBN:
9965-18-205-1
Беттер саны:
240 бет
Көне дүние кемеңгерлері
Ұсыну
Бағзы дәуірде ғұмыр кешкен ақыл-ой алыптарының адамзат өркениетіне өлшеусіз үлес қосқаны белгілі. Аумалы-төкпелі уақыт көшінде тау үгітіліп, теңіз сарқылса да олардың асыл сөзі тозған жоқ, ғасырларды көктей өтіп, ұрпақпен бірге жасап, біте қайнасып келеді.
Өкінішке орай, бұл тақырыпқа арналған қазақ тіліндегі еңбектер тиіп-қашты ғана. Қазақ оқырмандарының көбі көне дүние кемеңгерінің атын білгенмен, затына қанық емес. Осы олқылықтың орын толтыру мақсатында назарларыңызға ұсынылып отырған бұл кітапта ежелгі Эллада мен Мысырда, Қытай мен Үндістан түбегінде даналықтың ұрығын еккен ұлы ойшылдардың өмір тарихы мен үлгісөз-ғақлиялары біршама жүйеленіп, тиянақты зерделенген. Тілі кестелі, мағмұматы мол, қызықты оқылады.
Кітап мұғалімдер мен студенттерге, жоғарғы сынып шәкірттеріне һәм философия тарихына ден қойған ынталы оқырманға арналған.  

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар