Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Қазақстан тарихы
Рейтинг: 0.000
ISBN:
9965-26-175-Х
Беттер саны:
768 бет
Қазақстан тарихы
Ұсыну
“Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы бойынша шығарылып отырған “Қазақстан тарихы”
энциклопедиялық анықтамалығында ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихына қатысты мақалалар жинақталған. Кітапта Қазақстан аумағындағы ірі тайпалар, тайпалық одақтар, мемлекеттер мен олардың өзге елдермен саяси қарым-қатынасы, онда өткен үлкенді-кішілі саяси оқиғалар (елшілік қатынастар, шайқастар мен көтерілістер, жүргізілген саяси науқандар, т.б.) баяндалады. Қазақстан тарихындағы тұлғалар – мемлекеттік билеушілер (қағандар, хандар, сұлтандар, әмірлер, қолбасшылар генерал-губернаторлар, болыстар, ҚКП ОК-нің бірінші хатшылары, президент пен үкімет басшылары, Жоғарғы Кеңес, Парламент төрағалары, т.б.) мен мемлекет және қоғам қайраткерлеріне (билер, батырлар, зиялылар, т.б.) де үлкен мән берілген. Сонымен қатар, Қазақстан тарихынан хабар беретін ескерткіштер – ежелгі қалалар, тұрақтар, ғұрыптық және жерлеу құрылыстары (архитектуралық ескерткіштерден басқалары), Қазақстан тарихына қатысты маңызды жазба деректер мен олардың авторлары, тарихқа қатысты кейбір жиі пайдаланылатын терминдер, тарихи дәуірлер қарастырылады.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар