Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Шығармалар жинағы
Рейтинг: 0.000
ISBN:
978–601–264–085–4 (3-т.)
Беттер саны:
488 бет
Жанр:
Мақала  Пьеса 
Шығармалар жинағы
Ұсыну
Кітапқа көрнекті жазушы, телепублицист, теледраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық телевизия және радио академиясының академигі, ҚР Президенті сыйлығының иегері Сұлтан Шәріпұлы Оразалының телевизия туралы мақалалары, сұхбаттары, телепьесалары мен телесценарийлері топтастырылған.

Сұлтан Оразалы – қазақ телеөнерінің негізін салушылардың бірі. Жазушының қаламынан әр түрлі жанрдағы жүздеген телесценарийлер туып, эфирде көрсетілді. Ол отыздан аса елдің әлемге әйгілі ақын-жазушы, өнер қайраткерлерімен сұхбат жүргізді. С.Оразалының телешығармалары Мәскеуден, Киевтен, Кишиневтен, Балтық жағалауы, Кавказ, Орта Азия елдерінің телеэкрандарынан көрсетілді. Оның көптеген туындылары – қазақ мәдениетінің алтын қорына қосылған еңбектер.

Кітап көпшілікке, телемаман дар мен студенттерге, телевизия тарихын зерттеуші ғалымдарға арналған.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар