Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Медеу Сәрсекенің шығармалары. Көмбе
Рейтинг: 0.000
ISBN:
978-601-7568-20-7
Беттер саны:
512 бет
Жанр:
Медеу Сәрсекенің шығармалары. Көмбе
Ұсыну
Медеу Сәрсекенің «Көмбе» (А., «Жазушы», 1985 ж.) романы сол кездегі цензураның талабымен кейбір тарау немесе беттері жөнсіз қысқартылып жарияланған. Сірә, сөйтуге шығарманың бас кейіпкері Қазыбек Қазтуғановтың күрескерлік руын даралап, оның жер асты қазынасын іздеу жолындағы қайсарлығын, билік басындағы өзімбілемі мол ойыншық «құдайлармен» ымырасыз күресін батыл суреттеуі, әсіресе сол кездегі тоғышар қауымның дертіне айналған жарамсақтығы, шенқұмарлық пен мансапқорлықты, жалған мәліметке бой ұрған былық-шылықтарды түре ашып, шынайы адамшылық ұстанымдардың аяққа басылғанын әшкерелеуі түрткі болған. Жазушы бірақ сол қиянатпен келіспей, шығармасын орыс тілінде жария еткенде (М., «Советский писатель», 464 б., 1989 ж., аударған Николай Родичев) қазақша кесілген беттерді қосып, 150 бетке «қампайтып» шығарғанын екі басылымның бет айырмашылығынан аңғару қиын емес. Бұл роман да толық қалпында жарияланып отыр.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар