Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Қазақ көтерілістері
Рейтинг: 5.000
ISBN:
978-601-7472-43-6
Беттер саны:
616 бет
Қазақ көтерілістері
Ұсыну
Қолдарыңыздағы жинақ қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістері мен қозғалыстарының құбылысы мен жұмбағын, тағылымы мен қорытындыларын, қозғаушы күштері мен басшыларын ғылыми-ақпараттық, теориялық-методологиялық тұрғыдан зерделеуге арналған. Мақала авторлары – негізінен жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында еңбек етеді әрі осы мәселені көптен бері ой елегінен өткізіп жүрген мамандар. Жинақта 18-20 ғасырлардағы қазақ даласын дүбірлеткен көтерілістер мен ұлт-азаттық қозғалыстарының қайнар көзі, дәуірлері, себептері мен салдарлары, қатысушылардың құрамы, көздеген мақсат-мұраты, бүгінгі тәуелсіздік идеясымен үндестігі дәйектелген. Бұрын-соңды беймәлім болып келген деректер мен құжаттар ғылыми айналымға түскенін айрықша атап өткен абзал. Айтылған ойлар, ортаға салынған деректер оқырманның тарихи санасын оң қалыптастыруына септігін тигізсе, оқу-тәрбие үдерістерінде қолданылым тапса – қолдарыңыздағы жинақты шығарудағы мақсаттың өз үдесінен шыққаны деп білеміз.

Жинақта ұлт-азаттық қозғалысының тарихымен қоса, көтерілістердің туу себептері патшалық отарлау саясатының іс-шараларымен байланыстырыла көрсетілді. Сондай-ақ қазақ тарихындағы аса көрнекті тұлғалар мен өшпес тарихқа айналған оқиғалар, көтерілістер туралы әр кезеңде жазылған шығармалар және 20 ғасырдың алғашқы ширегінде орын алған алаш қозғалысының азаттық жолындағы күрес қимылдары да қамтылған.

Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістері мен қозғалысының тарихы және олардың көсемдері мен қаһарман тұлғалары туралы мол мағлұмат тұңғыш рет энциклопедиялық жүйемен бір жинаққа топтастырылып берілген бұл кітап жүрегі халқым деп соғатын барша оқырман қауымға, сондай-ақ ғалымдар мен студенттердің, мұғалімдер мен жоғары сынып оқушыларының пайдалануына арналды.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар