Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Орталық Азиядағы арийлердің өркениеті
Рейтинг: 0.000
ISBN:
978-601-294-222-4
Беттер саны:
600 бет
Орталық Азиядағы арийлердің өркениеті
Ұсыну
Белгілі археолог-ғалым, ҚР ҰҒА құрметті академигі, тарих ғылымдарының докторы У.Х. Шәлекеновтың үш томдық ғылыми еңбектерінің екінші томына «Орталық Азиядағы арийлердің өркениеті» еңбегі еніп отыр.

Кітап әлем халықтарының тарихында әлі шешімін таба алмай келе жатқан өзекті мәселелердің бірі – арийлер этносына арналған. Кейінгі ғасырларда жиналған бай жазбалар мен артефактілер негізінде бұл мәселе жаңаша көзқараста сәулелендірілген. Зороастризм дінінің қасиетті кітабы Авестадан арийлер этносының пайда болып, дамыған орталығы Орталық Азия екендігін дәлелдейтін деректер келтіріле отырып, олардың табиғи-жағрапиялық өрбіген орталығы, мәдениеті, археологиялық ескерткіштері, этнологиялық наным-сенімдері, діни ұстанымы, жалпы рухани мәдениеті кеңінен талданып, ғылыми тұжырым жасалады. Бұл түркітектес халықтардың түп-тегі – арийлер тарихына кешенді көңіл бөлінген алғашқы ғылыми еңбек. Екінші томға сондай-ақ автордың қазақ халқының өркениеті туралы жарық көрген еңбегі де енген.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар

Көп талқыланғандар