Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Омарта әліппесі
Рейтинг: 0.000
ISBN:
978-601-80541-0-5
Беттер саны:
176 бет
Омарта әліппесі
Ұсыну
Бұл кітап басынан аяғына дейін бал араларының тыныс-тіршілігі, олар шығаратын өнім түрлері жөнінде баяндайды. Бал арасын ұстап-бағу кәсібін – омарта шаруашылығы деп атайтынын біріміз білсек, біріміз білмеуіміз мүмкін. Кітап осы мәселені де жан-жақты әңгімелейді. Омарта Әліппесі делінуі де сондықтан. 37 жыл құқық қорғау саласында қызмет етіп, полковник шенінде зейнетке шыққан Кәрім Жұмағалиев 61 жасында омарта ұстап, Қызылорда облыстық омарташылар қоғамын басқарып, омарташылар даярлайтын оқу орнын ашып, 39 қазақтың жігіттеріне өзі дәріс беріп, омарта туралы олардың сауаттарын ашқан. 85 жасқа келгенде қолына қалам алып, омарта жайында білгенін қағазға түсірген. Өзі айтқандай, кітапқа «омарта жайлы жиған-тергенінің суын төгіп, дәнін ғана» кіргізіпті. 

Кітаптың тілі жеңіл, оқырманды жетелеп, автордың өзімен әңгімелесіп отырғандай күйге түсіреді. Бұл Кәрім Жұмағалиевтің бұған дейін екі кітаптың авторы болғанда жинаған тәжірибесі мен шыңдалған шеберлігінің нәтижесі болар. «Мен қалай омарташы болдым?» кітабы оқырманның көңілінен шығады және кейбір омарташы мен омарта ұстауға талап қылушылардың қойын кітабы болып жанында жүреді деген ойдамыз. Бұл кітаптың шын мәнінде, Омарта Әліппесі қызметін атқаратынына сенімдіміз.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар