Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Екі томдық шығармалар жинағы. 2-том
Рейтинг: 5.000
ISBN:
978-9965-22-460-7
Беттер саны:
0 бет
Жанр:
Екі томдық шығармалар жинағы. 2-том
Ұсыну
Көрнекті қоғам қайраткері, жазушы-ғалым Мырзагелді Кемелдің екі томдық шығармалар жинағының екінші кітабына көне үнді даналығы «Панчатантраның», қытай ақылманы Лао Цзының «Дао дэ цзин», «Дао да чинг» және испан данасы Бальтасар Грасианның «Ақыл қалта» атты еңбектерінің аудармалары мен қазіргі заманғы ең көп оқылатын автордың бірі Пауло Коэльоның, америкалық парапсихолог Луиза Хейдің кітаптарының қазақ тіліне іріктеп аударылған нұсқалары топтастырылды.

Сонымен бірге бұл кітапқа «Өзіңді таны» атты танымдық еңбек пен Қаламқас Темірбаймен бірге аударма жасалған «Өнеге» атты кітаптан мысалдар енгізілген. Аталған шығармалар орыс, ағылшын және өзбек тілдерінен аударылған. Бұл кітаптардағы құнды ойлар, қабырғалы кеңестер әрбір оқырманға үлгі-өнеге берері сөзсіз.

Кітаптарды жоғарғы оқу орындарының филология, журналистика, философия, әлеуметтану, педагогика, психология және өзін-өзі тану пәндерінде қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға болады.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар