Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Алаш көсемсөзі: Дін мәселесі Том 3
Рейтинг: 2.500
ISBN:
978-601-7472-73-3
Беттер саны:
400 бет
Жанр:
Мақала 
Алаш көсемсөзі: Дін мәселесі Том 3
Ұсыну
Жинақта ХІХ ғасыр аяғында жарық көрген «Түркістан уалаятының газетінен» бастап, ХХ ғасырдың 30 жылдары шетелде басылып шыққан «Жас Түркістан» журналы аралығындағы Алаш баспасөзінің дін мәселесіне қатысты құнды жарияланымдары топтастырылды.

Бодандықтың құрсауында болған қазақ халқының діни наным-сенімі ХХ ғасыр басында аса күрделі кезеңді бастан кешкен тұста Алаш зиялылары қол қусырып қарап отырымады. Олар ұлттың діни тұтастығы елдің жарқын болашағының кепілі екенін айрықша түсініп, сол жолда кездескен күрделі мәселелерді шешуде табандылық танытты, өздерінің құнды көсемсөздері арқылы қаймана қазақты тура жолға бастады.

Ендеше Алаш баспасөзінде жарияланған көсемсөз өткенімізді танып білу үшін ғана емес, бүгінгі діни ахуалымызды бағамдап, болашақта осы бағытта нақтылануға тиісті мемлекеттік саясатты бағдарлау үшін таптырмайтын бай тәжірибе екендігімен де құнды.

Жинақ дін саласындағы мамандарға, Алаш көсемсөзін зерттеп жүрген алаштанушы ғалымдарға, ата дінімізге бей-жай қарамайтын, осы бағытта білімін шыңдағысы келетін жалпы оқырманға арналады.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар