Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Алаш көсемсөзі: Тіл мәселесі Том 2
Рейтинг: 3.500
ISBN:
978-601-7472-72-6
Беттер саны:
400 бет
Жанр:
Мақала 
Алаш көсемсөзі: Тіл мәселесі Том 2
Ұсыну
Ұлттың тұтастығын сақтайтын рухани құндылықтардың ең негізгісі саналатын тіл мәселесі қай заманда да өзекті болды және өз кезеңінде ел зиялыларын бейжай қалдырмады.

Жинақта ХІХ ғасыр аяғында жарық көрген «Дала уалаятының газетінен» бастап, ХХ ғасырдың 30-жылдарында шыққан «Жас Түркістан» журналы аралығындағы Алаш басылымдарының тіл мәселесіне қатысты құнды жарияланымдары топтастырылған. Сонымен бірге мұрағаттардан алынған тарихи құнды құжаттар мен алаш қайраткерлерінің жеке жинақтарына енген тілге қатысты көсемсөздері енгізіліп отыр.

Кітап елдіктің тұғыры саналатын тіл мәселесін зерттеп жүрген ғалымдарға, алаштанушы мамандарға, сонымен бірге Алаш көсемсөзі қайнар көзінен нәр алғысы келетін жалпы оқырмандарға арналады.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар