Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Жиырмасыншы жылдар журналистикасы Том 2
Рейтинг: 0.000
ISBN:
978-601-7472-74-0
Беттер саны:
320 бет
Жанр:
Мақала   
Жиырмасыншы жылдар журналистикасы Том 2
Ұсыну
«Жиырмасыншы жылдар журналистикасы» көптомдығының үшінші кітабы «Еңбекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ» басылымдарындағы публицистикалық жарияланымдарды қамтиды. Басылым беттерінде оқу-білім, отырықшылыққа көшу, ұлт театрын құру, әліпби, баспасөз мәселелерімен бірге басқа да саяси-шаруашылық, мәдени-ағарту тақырыптар ауқымды көтерілген. Баспасөз бетіндегі пікірталастар, әсіресе, латын қарпі мен төте жазуды тұтыну турасындағы, әдебиеттегі ұлтшылдық сарынмен күрес мәселесіндегі бұрынғы ескі оқығандар, жаңа коммунистік бағытта тәлім алғандар тартысы осы жылдар баспасөзінің бет-бейнесін аңдатады.

Әлихан Бөкейханның, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Елдес Омарұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Смағұл Сәдуақасұлы, Абдолла Байтасұлы т.б. авторлардың көсемсөздері заман тынысын анық аңғартып, басылымның маңызын арттыра түседі.

Кітап соңында мақалалар дерегі, авторлар көрсеткіші және сол кезде қолданыста болған атаулар мен олардың бүгінгі баламалары ұсынылып отыр.

Еңбек зерттеушілерге, журналистер мен тіл-әдебиет мамандарына, студенттерге, магистранттарға және көпшілік қауымға арналған.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар