Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Жиырмасыншы жылдар журналистикасы Том 1
Рейтинг: 5.000
ISBN:
978-601-7472-65-8
Беттер саны:
320 бет
Жанр:
Мақала   
Жиырмасыншы жылдар журналистикасы Том 1
Ұсыну
«Жиырмасыншы жылдар журналистикасы» көптомдығының бірінші кітабы «Еңбекшіл қазақ» (1923-1924 жж.) басылымында жарық көрген өткір де өзекті публицистикалық жарияланымдарды қамтиды. ҚазАКСР-ның ресми органы болғанына қарамастан басылым беттерінде үкіметтің түрлі бұйрық-жарлық, қаулы-қарарларымен бірге ел өмірінің, жұрт тынысының ішкі иірімдерін аңдататын қоғамдық-саяси, мәдени-шаруашылық тақырыптардағы көсемсөздер жарық көрді. Бұл көсемсөздердің арасында пікірталасқа құрылған, ұлттық мүддені ұлықтаған жарияланымдар да аз емес. Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхаметжан Сералин, Жүсіпбек Аймауытов, Елдес Омарұлы, Смағұл Сәдуақасұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Сәкен Сейфулин, Тұрар Рысқұлұлы т.б. авторлардың толғақты ой-тұжырымдары басылымды өзгеше қырынан танытады.

Кітап соңында мақалаларға түсіндірме, авторлар көрсеткіші және сол кезде қолданыста болған атаулар мен олардың бүгінгі баламалары ұсынылып отыр.

Еңбек зерттеушілерге, журналистер мен тіл-әдебиет мамандарына, студенттерге, магистранттарға және көпшілік қауымға арналған.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар