Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Көк түріктері
Рейтинг: 0.000
ISBN:
978-601-7370-51-0
Беттер саны:
688 бет
Жанр:
Көк түріктері
Ұсыну
Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сарай Әнес Төлеңдіұлы – әдебиетіміз бен рухани өміріміздегі белгілі тұлға. Қаламгердің “Мұнаралар шақырады”, “Қараша өткен соң”, “Бозқырау”, “Ақ тымақ түн” повестері мен әңгімелер жинағы, “Теңіз сарыны” дилогиясы мен “Ұлу аралы”, “Еділ-Жайық”, “Өртенген керуендер” романдар топтамасынан құралған “Еділ-Жайық” трилогиясы Каспий теңізі кәсіпшілерінің өткені, кешегісі мен бүгінгісіне арналып, басын күнге қатерге тігіп, толқынды көк теңізбен мігірсіз арпалысқан балықшы-теңізшілердің қарапайым да өр мінездерін қалтқысыз айшықтаумен ерекшеленеді. Қазақтың әдеби сыны оны “теңіз жыршысы” деп таниды. Әнес Сарай соңғы жылдары қазақ тарихының ақтаңдақ беттеріне қалам тартумен көзге түсті. Оның қаламынан шыққан “Исатай мен Махамбет”, “Мұхаммед пайғамбардың өмірі”, “Асылдың сынығы”, “Көнеліктер”, “Ноғайлы” тарихқа әуес бұқара көпшілік іздеп жүріп оқитын, қолға түспес басылымдарға айналды. Бұл жолы біз оқырманға автордың “Көк түріктерінің империясы” атты жаңа еңбегін ұсынғалы отырмыз. Көкірек көзіңді ашып, ой-санаңды оятар анық дәйекті зерделі толғамдар – рухани құндылық дегеніміз осылар емес пе!  

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар