Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Еліне елеулі елбасы
Рейтинг: 0.000
ISBN:
978-601-7472-69-6
Беттер саны:
274 бет
Жанр:
Сұхбат 
Еліне елеулі елбасы
Ұсыну
Жиырма жылдан астам уақыттан бері Қазақстанда өтіп жатқан өмірлік маңызы бар оқиғалардың бәрі де көрнекті мемлекет қайраткері, қазақстандықтардың әлем мойындаған жалпыұлттық көсемі Нұрсұлтан Назарбаевпен тығыз байланысты. Ол мықты мемлекеттің іргетасын қалады. Сол арқылы өз халқын даңққа бөлеп, әлемдегі миллиондаған адамдардың құрметіне ие болды.

Тәжікстанда шығарылған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы бұл кітапта автор саясаткер тікелей ұлттың мүддесін көздесе, ұлтын өзінен де жақсы көрсе, табиғатынан тума дарынға ие болса және сол дарынын өз халқына қызмет етуге бағыштаса, көп нәрсе жасай алатынын көрсетуге тырысады.

Кітаптың біраз бөлігі Нұрсұлтан Назарбаев өмірінің негізгі кезеңдеріне арналады. Әрі соның бәрінің лейтмотиві кітап кейіпкерінің еңбекке деген көзқарасын, борышын сезінуін, отандастарына деген қамқорлығын көрсетеді.

Осы кітап оқырманға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұлғасын барынша жақсырақ танып-біліп, осынау тұлға басқарған мемлекеттің сәтті дамуының себебін түсінуге көмектеседі деп үміттенеміз.

Кітапта Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың авторлық шығармалары, сөйлеген сөздері, сұхбаттары мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауы кеңінен қолданылады.
Автор осы қолжазбамен танысып, бірнеше бағалы ескертулер жасаған және кітаптың шығуына жеке көмегі тиген Қазақстан Республикасының Тәжікстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ағыбай Дынкенұлы Смағұловқа алғысын білдіруді өзіне парыз санайды.

Автор осы қолжазбамен танысып, бірнеше бағалы ескертулер жасаған және кітаптың шығуына жеке көмегі тиген Қазақстан Республикасының Тәжікстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ағыбай Дынкенұлы Смағұловқа алғысын білдіруді өзіне парыз санайды.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар