Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Мәжнүнтал
Рейтинг: 5.000
ISBN:
978-601-03-0279-2
Беттер саны:
216 бет
Жанр:
Мәжнүнтал
Ұсыну
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» демекші, қолына қалам ұстаған ақын ақ қағазға әрқалай жыр өрнегін салатыны ақиқат. Алғашқы қадамынан-ақ поэзияға өзіндік ұлттық бояуы қанық, ерекше жырларымен келген талантты ақын Ербол Бейілханның бұл жинағына негізінен кейінгі жылдары жазылған жырларымен қатар «Әке» поэмасы, «Көріпкел», «Олар дос еді...» әңгімелері топтастырылған.

Шығарманың оқылуы аса талғампаздықты талап етумен қатар, Ерболдың төл әдебиетімізге қосқан еңбегіне оқырман бей-жай қарай алмайды. Ақынның өлеңдерін оқи отырып, Сіз, тұмса табиғатпен, қазбауыр бұлттармен, асқар шыңдармен, бетегелі белдермен, тұма бұлақ сезімді мөлдірлікпен сырласқандай сағынышқа толы күй кешесіз. Абыз дала шерткен күйдей, аңыз дала шерткен сырдай, ойлы жырдан бағзы қобыз сарынын тыңдағандай боласыз...

Кітап қалың оқырманға арналған.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар