Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Жүсіпбек Елебеков
Рейтинг: 0.000
ISBN:
978-601-209-209-7
Беттер саны:
272 бет
Жанр:
Жүсіпбек Елебеков
Ұсыну

Өнертанушы, әнші Ерлан Төлеутайдың бұл кітабында Қазақстанның халық артисі, әнші Жүсіпбек Елебековтің өнегелі өмірі мен тағылымды өнер жолы турасында егжей-тегжейлі баяндалады. Шығарма ұлы әншінің өмір сүрген дәуірін тұтас қамтиды. Автор қазақ музыка тарихындағы ақтаңдақтарға – шығу тегі даулы әндерге қатысты өз пікірлерін батыл білдірген. Сондай-ақ, аталмыш кітапта әншінің замандастары Қалибек Қуанышбаев, Ахмет Жұбанов, Шәкен Айманов, Әбікен Хасенов, Рамазан Елебаев, Тоқбай Жұмағұлов сынды қазақ өнерінің көрнекті тұлғалары жайында да тың деректер мол қамтылған. Жинақтың соңында Ж.Елебеков орындаған әндер нотасы мәтінімен берілген.

Кітап көпшілік қауымға, халқымыздың ән өнерін, оның шығу тарихын білуге ұмтылған талапкерлерге арналған.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар