Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Рейтинг: 0.000
ISBN:
Беттер саны:
36 бет
Жанр:
Сарын
Ұсыну
Менің алдымда Данияр Әлімқұлдың «ТОҒЖАН» деп аталатын циклдық сезім драмасы жатыр. Бір шолып шыққанда албырт жүректің лүпілін ғана аңғартар, қазіргі жастардың көбіне тән форма қуалаушылық әсерді байқағандай болғам. Әлбетте, форма мазмұнға қызмет етуге тиіс қой. Қайта оқығанда қарағайдың бұтағындай қарсы біткен жыр жолдары, жыр жолдарындағы образдар мен көркемдік тәсілдер ә дегенде Тыныштықбектің мақамдарын еске салғанымен, бірте-бірте мұнар арасынан Мағжанды айқындай түскен:

«Өмір – дана, ақын – бала қаңғырған,
Жан сусынын көз жасымен қандырған.
Ақын – бөбек, өмір – көбік, тылсым-ды
Ойнап, арбап, бөбекті естен тандырған» (Мағжан)

Шығарманың аты «ТОҒЖАН» болғандықтан ойға әуелі Абай оралуға тиісті еді, алайда сана түкпірі Мағжанды алға тартты. Біз әлем әдебиеті тарихынан ақындардың Жер бетілік һәм Ғарыштық болып бөлінетінін білеміз. Мағжан соңғысына жатады. Даниярдың да дүниетанымы, жаратылысты қабылдап, қайтаруы Мағжанның мектебіне орайласатын сияқты.

Бітті бойда қуаты мол қызбалық,
...Үмітімнің сабақтарын мұз қарып...
Мұңдарымның моласына гүл қойшы,
Көктем кешіп күз барып.

Осындай әдемі шумақпен қалам мен жүрекке қатар сөз берген лирикалық кейіпкер Жеті тәулікте Алладан нәсіп етілген «адамды адам жақсы көру» сезімін жеті өлеңге өрнектеген. Махаббат тақырыбын кім, қалай жазбаған?!! Біз бұл жерде Даниярдың жанның болмысы мен сыртқы әлемді тұтастыра танып: Үміт, Мұң, Көңіл, Сезім, Тағат, Сағыныш тағы басқа қолға ұстап, көзбен көру мүмкін емес ұғымдардан сурет салып жіберетін қасиетін таныдық. Шығарманың өн бойындағы құрысы Батыс пен Шығыстық поэзияның шарпысуындағы кемпірқосаққа баланса, автордың мифтік санаға еркіндік үстеуі эксперимент ретінде көрініс тапқан. Біздің ақылымыздан тысқары нәрселердің бәрі де қорқынышты болмауға тиісті. Жаңаға, жаңалыққа ұмтылуда осы тақлеттес. Жаратқанға баратын жол жалғыз емес. Алла төреші!

Ақын, Маралтай Райымбекұлы

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар