Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Тарих—адамзат ақыл-ойының қазынасы 6 том
Тарих—адамзат ақыл-ойының қазынасы 6 том
Ұсыну
Мемлекеттік «Мәдени мұра» басғдарламасының «Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы» атты сериясының 6-9 томдардағы материалдары «Әлемдік тарихи ой» деген атаумен беріледі. Бұл төрт кітапта топтастырылатын еңбектер тарих ғылымының теориясы мен жетілген зерттеу әдістерін, түрлі салалар мен бағыттардын қалыптасып, олардың күрделі ғылыми ағымдарға айналғанын бейнелеуді көздейді. Сондай-ақ, тарих ғылымының зерттеу құралдары мен мүмкіндіктерін жаңа сапаға көтеруге мұрат тұтқан сәтті қадамдар жан-жақты көрсетілген. Кітап оқырманды әлемдік тарих ғылымында қалыптасқан әртүрлі бағыттармен таныстыруды көздейді. Авторлар мен тарихи ой өкілдері алфавиттік жүйе бойынша топтастырылған. Аталған еңбектердің басым бөлігі бұрын соңды қазақ тіліне аударылмаған.

Кітап зерттеушілерге, жалпы білім беретін мекемелердің ұстаздары мен оқушыларына, аспиранттарға, сондай-ақ көпшілік оқырман қауымына арналған.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар