Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Тарих—адамзат ақыл-ойының қазынасы 4 том
Тарих—адамзат ақыл-ойының қазынасы 4 том
Ұсыну
«Жаңа замандағы тарихи ой» аталатын төртінші томға жаңа заман зияткерлерінің шығармалары енген. Бұл томның ерекшелігі сонда, оған Г.С.-Д. Болингброк, И. Кант, Ф. Гегель, Ш.Л. Монтескье, А.И. Левшин т.б. еңбектерімен қатар қазақ халқының тарихи ойы өкілдерінің - Ш.Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Қ.М.-С. Бабажанов т.б. - шығармалары енгізілді. Бұл салыстырмалы зерттеу қағидасы негізінде жасалған антологияда еуропалық тарихи ой мен қазақ тарихи ой-санасы Шығыс, соның ішінде Азия тарихи мектебінің өкілі ретінде қарастырылып отыр. Сонымен қатар келтіріп отырған мәліметтер оқырмандарға жаңа заман тұсындағы Батыс пен Шығыстағы тарих және оның мәні туралы түсініктердің айырмашылықтарын көрсетеді.

Аталған еңбектердің басым бөлігі бұрын-соңды қазақ тіліне аударылмаған. Орыс тіліндегі аудармалардағы тілдік, этнографиялық айырмашылықтар, қазақ тілді қауымға осы күнге дейін түсініксіз болып келді.

Кітап зерттеушілерге, жалпы білім беретін мекемелердің ұстаздары мен оқушыларына, аспиранттарға, сондай-ақ көпшілік оқырман қауымына арналған.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар