Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Көне түркі және қазақ жазба әдеби мұралары 5 том
Рейтинг: 0.000
ISBN:
978-601-7317-25-6
Беттер саны:
384 бет
Көне түркі және қазақ жазба әдеби мұралары 5 том
Ұсыну
«Қазақ қолжазбалары» (б.д.д. ІХ ғ. бастап – ХХ ғ. дейін) атты 10 томдық басылымның V-VI томына көне түркі тілінде VІІІ-ІХ ғасыр аралығында хатқа түскен, ғылымда «Майтри Симит Ном Бітік» деген атпен белгілі пұт мінажаты туралы жәдігердің 1959 жылы Шығыс Түркістанның Құмыл (Хами) аймағынан табылған, 1067 жылы көшірілген «Құмыл» нұсқасы (бұдан басқа қолжазбаның Тұрфан, Күсән және Тохар тіліндегі нұсқалары бар) енгізіліді. Қолжазба 27 тараудан (бөлім), 293 парақ, 586 беттен тұрады. Түркі жазба әдебиетінің төлбасының бірі болып табылатын көне мұра тұңғыш рет ана тілімізде ғылыми айналымға түсіп, қазақ оқырмандарының назарына ұсынылып отыр.

Басылымның бұл V томына көне қолжазбаның Кіріспесі мен алдыңғы 4 тарауының фак- симлиясы, түпнұсқа мәтінінің халықаралық ғылыми ортада қабылданған ережеге сәйкес ла- тын қарпіне түсірілген транскрипциясы және оның қазіргі қазақ тіліне аударылған жолма-жол тәржімасы мен еркін аудармасы енгізіліп отыр.

Сонымен қатар көне түркі тілінің мәтініне қатысты алғысөз бен ғылыми сипаттамалар, түсініктер мен сілтемелер берілген.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар