Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Өлеңсөз Қазақ өлеңі хақында
Рейтинг: 0.000
ISBN:
978-601-7317-32-4
Беттер саны:
576 бет
Жанр:
Мақала 
Өлеңсөз Қазақ өлеңі хақында
Ұсыну
Қазақ әдебиетінде қырық жылға жуық қаламын суытпай екпінді еңбектеніп келе жатқан әдебиет сыншысының «Өлеңсөз» аталатын бұл кітабына соңғы жылдары поэзия жанры жайында жазған көркем әдеби сын мақалалары топтастырылған. «Дарын даралығы» аталатын бірінші бөлімі – С.Торайғырұлы, Ә.Тәжібайұлы, С.Мәуленұлы, Қ.Шаңғытбаев, Т.Бердияров, Ғ.Балақадырұлы, Қ.Мырза Әлі, С.Жиенбаев, Қ.Ыдырысов, Ә.Дүйсембиев, Ө.Нұрғалиев, Т.Медетбек, Ж.Ерман, сынды әр буын қазақ ақындары шығармашылық портреті. «Жанр жаңалығы» аталатын екінші бөлімі – бүгінгі қазақ поэзиясы проблемалық мәселелеріне арналған: «Абай мен Есенин жағасына жармаспай- ақ...», «Қазақ поэзиясының дәулеткері», «Күлкі сыры мен сымбаты», «Көзайым», «Қолжазбадан кітапқа немесе жабық рецензияның ашық сипаты», «Бір өлең», «Фотоөнер тұтқыны» және қос Қадыр», «Мейірімсіз қара жер сөзіме менің қарашы...», «Өсер жасқа өріс кең» секілді толғақты мақалалардан тұрады.

Түгелімен қазақ поэзиясына – жанры, өсу-өркені, тұлғасы, даму эволюциясына арналған сын кітабының жұлын-жүйкесі тұтас, тілі көркем, пікірі салауатты, талдауы парасатты.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар