Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері
Рейтинг: 4.000
ISBN:
978-601-250-134-6
Беттер саны:
432 бет
Жанр:
Зерттеу 
Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері
Ұсыну
ЮНЕСКО-ның Франц Кафка атындағы Халықаралық сыйлығының және Күлтегін атындағы сыйлықтың лауреаты, профессор Немат Келімбетовтың оқырманға ұсынылып отырған осы кітабы қазақ әдебиеті тарихының қайнар-бастауларымен табыстырады.

Автор сақтар мен ғұндар дәуірінде өмірге келген қаһармандық дастандардан бастап, қазақ хандығы құрылғаннан кезеңге дейінгі ежелгі түркі әдеби жәдігерліктеріне көркемдік дәстүр жалғастығы тұрғысынан талдау жасайды.

Зерттеуші ежелгі түркілердің тарихи және әдеби шығармаларын бүгінгі ғылым қол жеткізген жаңа жетістіктерімен байыптай отырып, түркі мәдениетін зерттеп жүрген танымал ғалымдардың еңбектері мен өзінің "Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы",  "Қазақ әдебиеті бастаулары", "Көркемдік дәстүр жалғастығы" атты шығармаларына сүйенеді. 
Бұл кітап қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін зерттеуші ғылыми қызметкерлер мен аспиранттарға, жоғары оқу орындары филология факультетінің студенттеріне және көпшілік оқырман қауымға арналған. 

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар