Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
От ала келген қатынның

БЛОГТАР

05 мамыр 2018
1305
0

От ала келген қатынның

От ала кірген әйелдің отыз ауыз сөзі бар.

 

Бұл - әлденеге жұмсаған адамның немесе келген адамның сол барған жерінен шықпай, ұзақ әңгімелесіп кешіккен кезінде айтылатын мәтел. Расында да мұның артында халқымыздың көшпелі тірлігінің шындығы жатыр. Себебі, ерте заманда сіріңке қазіргідей қолжетімді емес еді. Біздің күнделікті қолданып жүргені сіріңкемізді 1805 жылы француз химигі Жан Шансель жасап шығарған. Әрине, оған дейін де адамзат баласы от жағудың түрлі тәсілдерін қолданғаны белгілі. Біздің қазақ халқы киіз үйдің ортасындағы ошақ шұңқырындағы отты сөндірмеудің түрлі амалдарын қолданған. Көбінесе кебеқұрғақ жас жапаны шоққа қоламталап жауып қоятын болған. Таң атқанша қоздап қана жатқан қоламтанының шоғын үрлеп от жаққан соң түндікті ашады. Түндігі ашылған үйден тамызыққа от алуға мүмкіндік бар деген сөз. Отты үзбей жағып, түнімен қоламта жабу үшін отынның мол қоры мен тиянақтылық керек. Таңға дейін оты сөніп қалған үйдің әйелі көрші үйден шөлеңкесін көтеріп от сұрай келетін болған. Осы әредікте де әйелдер қауымы біраз әңгіменің басын қайырып үлгеретін болса керек.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу