Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Өлмейтіндер! Өлді деуге келмейтіндер...

БЛОГТАР

27 тамыз 2020
292
0

Өлмейтіндер! Өлді деуге келмейтіндер...

           
           ЖЫР ТӨКШІ АПА
    (Фариза Оңғарсыноваға арнау)


Шаршадым білем,
Шаршадым білем бәрінен
Қисыны келмес
Өмірдің жалған нәрінен
Безінген шақта жырыңнан қуат алушы ем
Жыр төкші апа,
Рух берер өмір мәнінен

 

Сандалып жүрмін
Керексіз жандай ешкімге
Қиюы кеткен
Жадырамайтын кештіңде
Түсінбейді ешкім
Түсіне қояр жақын жоқ
Осындай күйді
Басыңнан сен де кештің бе?

 

Адасып жүрмін
Адасып жүрмін әлемде
Кейбір жандармен
Татымайтұғын сәлемге
Жалқыдан шығып,
Жалпыға ұқсап барамын
Сөз айтшы апа
Дәру болатын , жан емге

 

Жалықтым білем
Армандап зеңгір көкті де
Жалыққан жүрек
Шыдаған небір тепкіге
Талықсып барып,
Ұйқыға жатам түн ауа
Зорықтым білем
Ызғары қатты екпінге

 

Арылтып ойдан
Жырыңа мені сүйетші
Сәттілік сұмды
Алдыма әкеліп иілтші
Бәлсініп біраз,
Рухтанып менде қалайын
Жыр төкші апа
Мұңымды азға сейілтші

 

Жетім жүректің
Жайын таба алмай
Жер бетін тастап
Ғайып болардай
Күй кешем кейде
Тұншығып ойдан
Көз жасым келіп
Жайық болардай
Жыр төкші апа,
Өлеңің бәрін айықтырардай.

 

 

           Кім кедергі?

 

Не кедергі?
Ілім қуып білмекке
Кімдер қарсы?
Ғылым іздеп жүрмекке
Азып-тозып кемелдікке жетпеспіз
Маған «білім», керек емес күлмекке!

 

Не кедергі?
Әлем сырын ұқпаққа
Кімдер қарсы?
Надандықты жықпаққа
Тасалықта көзді ашпай көрмеспіз
Маған «өмір» керек емес бұқпақта!

 

Не кедергі?
Ұлы ойшыл болмасқа
Кімдер қарсы?
Оқитұғын жолдасқа
Дінді білмей, һақты танып білмеспіз
Көне алмасаң, менде жүрер жол басқа!

 

Не кедергі?
Дара жолды салмаққа
Кімдер қарсы?
Жақсы тәлім алмаққа
Мен оданда Абай болып жырлайын
Сәуле көрдім. Сор, Бақ па? 

 

 

             Мұқағали атама арнау

 

Өлеңімен сусындатып мынау байтақ даланы,
Туған елі болды оның мәңгі өшпес алауы.
Тәуелсіздік таңы атқанын көрмесе де көзімен,
Сол болды ғой арман,мақсат қалауы.

 

Той көрмей ақ өтіп еді өмірің,
Шарқ ұрудан тынбапты ғой көңілің.
Сексен төрт жыл міне бүгін өзіңе,
Жалындаған сыр шертуші еді сезімің.

 

Қаламыңнан талай өлең,талай жырлар ағылды-ай!
Арызданып кетіп ең сен,тағдырыңа налып ай.
Мына жұртым неге жатыр деуші едің ғой тойламай?
Міне бүгін тойлап жатыр,дүркіретіп ой пәлі-ай!

 

Өлең сөздің,ән мен жырдың атандың сен марданы,
Ғасырында бірақ туар асқақ елдің арманы.
Ұрпағымен байланысы үзілмейді ешқашан,
Себебі ол ақындардың,ақындардың тарланы!

 

 

         Ақынның жаны


Інжуін жырдың теретін
Сөзбенен өлең өретін
Ақынның көзі айна ғой
Халықтың мұңын көретін

 

Нәп-нәзік оның жаны да
Тулаған ыстық қаныда
Елім деп қалам тербейтін
Жыр жазып атар таңы да

 

Алаңдап қоғам тағдырын
Шетке ысырып бар мұңын
Мінбеге шығып сөйлейтін
Ол ақын, бәйгеге тіккен тағдырын

 

Қаламы найза, жыры оқ
Жүректе жатқан сыры көп
Өлеңмен сізге жеткізер
Ашылмай жатқан қыры көп

 

Сондай бір ақын-Өтежан
Жыры да жылап шығатын
Жауын боп құйып, өлең боп
Елім деп қана тұратын

 

Ақ нөсер болып нұр көктен
Нөсерден кейін қыр бөктен
Қайыңды тоғай аралап
Жүрек дәптерден жыр төккен

 

 

 

        Ер Олжабай

 

Орта жүз болып ұрандар
Аттарын айтып қырандар
Батырлар өткен мақтанар
Өтпейтін қиқар, бұлаңдар

 

Жөнім жоқ менің жатсынар
Еңсесі биік жақсылар
Сары менен Баяным
Қазаққа біткен бақ шығар

 

Айбыны асқан ерлердің
Ерлігін айтсам ерлермін
Дербісәлі бар бір төбе
Дұшпаны бұққан бөрілерім

 

Жау қолынан ап шығар
Теңеуі жоқ тамшылар
Малайсары, Олжабай
Олардан асыл жоқ шығар

 

Жүрегін жұтқан алыптың
Олжабай сынды жарық күн
Мыңды да жалғыз қыратын
Саулығын қорып халықтың

 

«Қу жарғақ» батыр атанып
Қаратайдан бата алып
Тіреуі болған Абылайдың
«Ала ту» ері аталып

 

Тегі де текті ер едің
Жау жүрек, қайсар, өр едің
Жоңғардың оғын тигізбес
Қытайды қырған өренім

 

Сендердей өжет кемде-кем
Күндігі аспас пендеден
Аттарың аңыз біздерге
Ерлігің артық көмбеден



 

   Қазақтың алтын аңызы



Оспан-аңыз!
Ол рас, шын батырым
Ұрандатқан тігем деп шыңға туын
Көк аспан мен қара жер куә оған
Қара қытай қоймайды ау шулатуын

 

Теңдік аңсап, шерлі мұң кеуде жарған
Қу сүйегі жат бауыр жерде қалған
Елім деген ер еді , ерім деген
Қазағым деп алқынған пендеге арман

 

Оспан-батыр!
Ол рас, дара тұлға
Әлсіздердің жатпайтын санатына
Озбырлапға Алаш деп қарсы шыққан
Жармасқан алып қыран қанатына

 

Зеңгір көкке ұмтылған тау тұлғалы
Өр рухы мен бөрідей алқынғаны
Бәрі-бәрі ұрпағына аян бүгін
«Азаттық» деп тұлпардай талпынғаны

 

Оспан-құйын!
Ол рас, оғланым
Қару алған жастайынан қолына мың
Есейген «соғыс» деген сұм күреспен
Алтайдың жырларынан соны ұғамын

 

Кеуде жанын ойланбай қиып кеткен
Амандығын сұраған иіп көктен
Орыс, қытай торлаған қорғанымай
Кең құшаққа бір халық сыйып кеткен

 

Оспан-алып!
Ол рас, ұлы тұлға
Ерліктерін келмейтін ұмытуға
Мөлдір, таза тұнығым көлмен теңдес
Ластауға болмайтын, суытуға

 

 

     

          Ер аға


Жыр қанатын қақтырып, әуелетіп
Сөз қазына қалдырған мәуелі етіп
Ер ағамдай өр тұлға табылмас ау
Дәуір дастан боп туған , тәубе детіп

 

Жаңғырық боп жырладың,Сүрі қар деп
Жеті қаттың мұңын айттың сыр ұғар деп
Бозтөбеде боздадың қобыз үнмен
Саған халқым, жазылар жырым бар деп

 

Жыр керуенін сүйредің қарт Семейдің
Кәусарына қандырып сөз бен күйдің
Ардың туын биікте ұстағаннан
Үстемдігін байқадым мерейіңнің

 

Жырдың кенін аштырған қара нарым
Сұңғыла сөзді әкеліп сараладың
Әдебиетте өшпестей із қалдырып
Өкпетіні ымыртта араладың

 

Жырлайды жүрегім деп тебірендің
Өзге елде елім деп емірендің
Ұрпақтарың ізіңді өшірмейді
Құрметтеуде бүгінде сені елің

 

 

     Қаныш біздің мақтаныш


Ұлылығын ұлықтаған ерлердің
Ұрпағымыз, айбынды көк бөрілердің
Біз бір тұтас елміз ұлын көтерер
Жалғасымыз сол бір рухы өрлердің

 

Бізде болған Қаныштай шын мақтаныш
Өндірген көмір, темір, қымбаттан мыс
Жезқазғанның жезді жерін гүлдеткен
Парасатта ақылы, бапта күші 

 

Алаш ұлы қазақтың геологі
Біз білетін әлемнің нео ұлы
Сенің құнды еңбегің бізге азық
Академик Сәтбаев деген ұлы

 

 

   Ақынмен қоштасу

 

Қош, есен-сау, ақыным,
Жыры көл боп тасыған.
Мен кеткелі жатырмын
Қимай мені жасыман

 

Қош, есен-сау, көргенше
Кезігерміз бір күні
Өлең біздің төрге енсе
Ақын-жанның бір түбі

 

Қош, аман бол, Қасымым
Өлең дейтін әлемде
Мен халықтың жасымын
Дәру болған жан емге

 

Қош, аман бол, батырым
Өзін жырмен танытқан
Мен де өзіңдей ақынмын
Жол іздеген тамұқтан

 

Қош, жалынды қаһарман,
Күшіне сенген білектің.
Соғыс дейтін сапардан,
Жырмен келген жүректім.

 

Қош, ержүрек солдатым,
Өршіл рухты өренім.
Мен бүр күні залға ақын
Өлең болып келемін!


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу