Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Өлеңге - өлең

БЛОГТАР

05 наурыз 2021
848
0

Өлеңге - өлең

I

 

От болып іштен жанамын,
Шоғындай қоламта табаның...
Батырып Айдың сүтіне,
Тал қауырсынмен өлең жазамын,
О, менің байтақ әлемім!

 

Болып та өзің саз-әнім...
Өзіңнен қуат аламын.
Төгіліп кейде жанарым,
Сөгіліп кейде қаламын.

 

Ашылсын әркез қабағың, 
Жаутаңдап саған қарадым.
Аяулы түнмен ағамын,
Сен жаққа ұшып барамын.

 

Санамда қатқан шөл едің,
Өртеніп жатқтан өзегім!
Бар болмысыңды – 
Қиялыммен кеземін.
Әр қозғалысыңды – 
Жүрегіммен сеземін.

 

О, Менің аппақ өлеңім,
Сен мені әркез демедің!
Қанатты берген сені едің,
Сен жаққа ұшып келемін.

 

 

II

 

Сен келіп...
Жан-жаққа ойды үркіткенің,
Түндерден бекер болмай жыр күткенім...
Жұлдыздар Айды аспанда айна қылып,
Сәулемен бояп жатыр кірпіктерін.

 

Сен келіп...
Қыста та болса бүршіктедім.
Ойымның ізі қалса парақтарда,
Жасымды өлеңменен сүртіп едім...
Тұрғандай болмысымды уақыт күтіп,
Алғандай бар жанымды сілкіп менің.

 

Сен келіп...
Көңілімді түртіп едің,
Қарашы көлдей болып тұрғанымды,
Түп-түнық – кілкіп менің!..

 

 

III

 

Жоқ дегенге... жоқтығыңа сенбе сен,
Сен бар болсаң – жоқ уайым, жоқ қайғы!
Кім іздесін, өзің іздеп келмесең,
Іздегеннің жоғы да көп, барды іздеу – іздегенге жатпайды.

 

Жеткізбейтін бір елестей... сағымға ұқсас болғасын,
Кең көсіліп, алды ашық, еркіндікте жатқан ой.
Батып кетсің, ой ауыры – қорғасын,
Ең түзуі орақтай, ең жеңілі – мақтадай.

 

Жаны, бар ғой көктеген, сондықтан да көп келем,
Мұнарланып тұратын да, жұмбағы көп – басқа әлем.
Біреулердің іздесе де, қолы соған жетпеген,
Біреулер жүр енді жолын бастаған...

 

Қарсы жүзген ағыстарға, жаным менің шөл еді...
Тылсымнан күш қарататын жолына.
Білмей тұрмын, жақсы сөзді айтқым-ақ бір келеді,
Жоғыңда үнсіз, қуанамын сені көріп барыңа?!

 

Өзгешелеу, асыл еді арман да,
Қиялилау ішіңдегі – жәй күдік.
Дүниенің бар-жоғына қарамай, бір өлеңді жазғанда,
Түн жамылып, қабір іздеп жүрмейтін... 
Тұрар біздің Ай күліп!.

 

 

Өмір – өлең

 

Жатарда,
Үш қайырған келемеден,
Туса ғой дәл осындай, кемел өлең.
Кәдімгі жапырағы,
Сабағы бар,
Дәптерге көшет қылып, өлең егем.

 

Сапарда,
Үш қайырып келемеден,
(Бір ойлар кетпей қойды неге менен?)
Өлеңді шеңбер сызып айналамын,
Білмеймін қызғанамын сені неден?!

 

Күбірлеп,
Жатқа айтып келемеден,
Айналып,
Мен қасыңа келе берем.
Бәріне ортақ жалғыз жүрегім бар,
Мен нені...
Жасырайын сенен өлең?!

 

Бүгін тек,
Сазға салып келемеден,
Түндерге тіл қатайын түнемеген.
Бесігін дүниенің тербетейін,
Қосылып сеніменен,
Өмір – Өлең!


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha