Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Нені іздеймін?!

БЛОГТАР

12 желтоқсан 2017
799
0

Нені іздеймін?!

Нені іздеймін?!

Ақ параққа үңіліп.

Кейде кетем өзімнен тым түңіліп...

Айқайлаған жүрек шері шықпаса.

Шалқақ көңіл сала беред үгіліп.

Алпауыт бір күш бар бойды кернеген,

Шығара алмай жүрмін еңбек, терменен.

Ең болмаса қалам алып қолыма.

Шығарайын, өлеңменен, шерменен.

Алла берді бір қасиет бойыма,

Саналы сөз, ақыл берді ойыма.

Ауыздықтап, бұл дарынды икемдеу,

Азабы мол, бейнет болды мойныма.

Әсем сөздер, жыр боп құйыл параққа,

Мен мінейін «шабыт» деген пыраққа

Ұштал, қайрал «өнер» бойға дарыған.

Жетеле қиял «дарын» деген бұлаққа!

Тыншып көңіл, бір бусанып қалайын,

Маған серік, қағазым мен қаламым

Жыр жауһарын аямастан төгейін

Тек сөнбесе, өшпесе екен талабым!


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу