Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Көңіл толқыны

БЛОГТАР

27 қараша 2017
4087
0

Көңіл толқыны


   -Дастан...Дастан тұр,тұр деймін! Дастан -деп көрпемді жұлқылап жатқан дауыстан ояндым.Ұйқылы ояу жаңағы жұлқылап оятқан жігітке қарап:
        -Серік,не болды сонша жұлқылап...жүзіне қарасам жабырқаулы: өңін бозарып кетіпті ғой не болды?
          -Ауылдан кісі келді. Сені сыртта күтіп тұр...-деген Серіктің саябыр даусы салқын шықты. Не,болды екен деп апыл-ғұпыл киіне бастадым. Жатақханадан сыртқа шықсам,есік алдында әкемнің інілері Күзен мен Тілеулес көкем тұр. Қуана мазасызданып жандарына жақындап:
        -Ассалаумағалейкум,амансыздар ма?
       -Уағалейкумассалам!!!Аллаға шүкір аманбыз. Өзіңнің хәл-аухатын қалай? Жүдеп кетіпсің. Қала жақпай жүр ма інім?-деп,амандағымды алып тұрған көкелерімнің үлкені Тілеулес көкем.
        -Аллаға шүкір жақсымын. Оқудан қол босамайды өзімізге қарауға. Бір жағынан қала ауыл емес,ауасы таза деп айталмайсың. Көке,жай келдіңіздерме? Әлде анам ауылдың азығын беріп жіберді ма...?-деп,жүздеріне қарадым,ішімнен не болды екен деп. Ауылдан азық келсе,анам өзі келуші еді. Не болды екен дегендей ішкі түйсігім сыр бере бастады.
         -Інім,ауылға жүр. Сені ағам мен жеңешем күтіп отыр. Тілеулес көкемнің жабырқаулы жауабына:
        -Көке ,әке-шешем аман ба? Не,жәйт. Әлде,атам... деп, отыра кеттім. Айтқандай,ішкі түйсігім алдамады. Үш күн бойы,өзінің күрең атымен кең далада қой бағып жүрген атам түсіме кіріп: Ей,бұзық ауылға қашан келесің? Атаңды ұмыттың ба?деп,шақырғаны бекер емес екен.

        Атамның жаназасыннан кейін ауылда біраз болмақ болып шештім. Әкеме айтып ем,өзің біл деген сынай танытты. Қайран әке сенде атам сияқты қартайып келесің. Атам,әр ісіңді жақтырмай мені ғана қолқанат қылатын. Әкем,атамның мінезін жақсы білген сон көңіліне алмайтын.Атамның айтуынша әкем әжеме ұқсайды екен. Марқұм әжемді көрген емеспін,алайда ауыл үлкендері әжемді сабырлы,ақылды,тікмінез екен деп айтады. Жатқан жері,жәннатта болсын!!! Қорадағы малдарға шөп салмақ болып, сыртқа киіне бастадым.
          -Дастан,балам қораға бара жатсың ба?-деп,апам алдымнан шықты. Мен атамның ескі күпәйкісін киіп тұрып:
         -Иә,апа не болды?
        -Жақсы,болды ғой. Сиыр сауып алайын. Анау қасқа сиыр мазасы кетіп сауғызбай тұр. Жарықтық әкемнің жоқтығын сезген ғой-көзіндегі жасты орамалдың ұшымен сүртіп.
   Сиыр сауып отырған анама қарап тұрмын. Апам әдетегі кейпінен танбапты. Қашан көрсең әр ісіне тиянақты. Ешкімге зіркілдеп сөйлемейтін момын мінезі,өзін әдемілеп тұр. Атам,анамды өз қызыңдай артық жақсы көретін. Анамның әжім түскен солғын жүзінде атама деген сағыныш байқалады. Асыл анам,анашым...
        Кең дала құшағында желпіп келе жатқан мені туған жерге деген сағыныш әлдиіне тербеп келеді. Астымдағы атамның күрең аты әліде шабысқа мығым екенін байқатты. Күрең ат атамның айырылмас досытұғын. Қапыда  атамдай досынан айырылу күреңге оңай емес екенін,ішім сезеді.  Алайда байғұс жылқы сездіргісі келмейді. Атам сыр ашпайтын күреңімдеп бекер айтпаған екен. Жылқым қырат басына шыққанда,айналама зер салдым. Бәріде атам жайлы сыр шертеді.  Анау ну тоғай,анау жалғыз тұрған тас,мына табиғат бәрі-бәрі қайран ақжарқын ақсақалым-айдегендей тебіреніп тұр. Қайран дала...

   Атамның бөлмесіне кірдім. Еш өзгермепті,таза,жинақы.Сөрелерде ең сүйікті кітаптары.Шіркін қайран кітаптарын қайталап оқуға ерінбейтін. Үстел үстінде Дәлелбек Батырдың «Ақ барыс»атты алтай қазақтары жайлы кітап жатыр. Соңғы рет оқып қалайын деген ғой Шәкіш шал. Кереуеттің шетіндегі Шәкіш шалдың бар сырын білетін қара домбыраға көзім түсті. Домбырада іштей күңіреніп шал қайдадегендей...
     Қолыма домбыраны алып, шертіп көрдім,нақышында екен. Атам соңғы рет құлағында ойнағаны сезіледі. 
       Менде бабын көрейін деп,атам Шәкіштің жақсы көретін Көңіл толқынын толқыта тарта жөнелдім...
          Қош бол Шәкіш шал!!!

   Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha