Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
El Pepe немесе Хосе Мухико

БЛОГТАР

19 мамыр 2022
454
0

El Pepe немесе Хосе Мухико

Сатып алсаң керек затты ақшаңа,
Ақшаң - білсең, ақша емес ол шама,
Әр тиының уақытыңа пара-пар,
Уақытыңды бекер онда жұмсама!

 

Уақыт - өмір, бір орында тұрмайды.
Сәл кідірсең, заман күтпей зулайды.
Жалғап ғұмыр жиған-терген теңгеңе
Ешбір адам сатып оны алмайды.

 

Өскен сайын байлығың мен дәрежең,
Қызығасың қымбат артық кәдеге.
Қол жетпесе түсетіндей ұпайың,
Мұқтаждықты арттырамыз көп есе.

 


Өмір заңы үңілсеңдер тым қатал.
Көргенімді көрмеңдер деп үн қатам!
Әділетсіз он жыл жаттым қапаста,
Болмыс жайлы талай түйін тұр қатар.

 

Бақыт - деген қолдағыңа қанағат,
Қарапайым тіршіліктен құралад(ы).
Кедей болма, бірақ жина керегін.
Дүниеқоңыз жүрген жері ысырап.
*

Бұл әлемге өкпем қара қазандай,
Бақталастан шаршадық көз аша алмай.
Қырғи-қабақ, асып түсу ойында,
Тақ қалаймыз - жұрттың қамын ойламай.

 

Демеймін дамымасын көркейіп.
Шектен шығып жүрген жоқпа көп елің?!
Бұл ғаламның тозғандығын
 есептеп,
Бұған дейін ешқайсысын сөкпедік.

 

Адам мақұлұқ тоймайтұғын жануар
Аң жәндіктің артық одан есі бар.
Ақырында бірін бірі түтіп жеп
Адамзатың құрып кетпей несі бар?



Әлемдегі ең кедей бар аты аңыз
Ел басқарған пұл сұрамай нансаңыз?!
Айлығынан алып он ақ пайызын
Артылғанын таратқан, таң қалмаңыз.

 

Керек қылмай қымбат көлік ұшақты
Ауылдағы ескі үйін ұнатты
Жаяу барып жұмысына күзетсіз
Бес жыл адал қызметінен босапты.
*

Мақтау айтсам түкке тұрмас айтқаным.
Ісінен көр, содан кейін құрмет қыл.
Адамзатқа үлгі Хосе Мухика,
Қалар сөссіз парағында тарихтың.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha