Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Бір уыс сым...

БЛОГТАР

02 желтоқсан 2017
1683
0

Бір уыс сым...

 

Бағана дүкеннен келе жатып - жерде жатқан бір уыс алюминге көзім түсті. Ешкімге керексіз. Қоқыс болып жатыр...  Осы бір - ақ темірмен аяусыз байланып, ұмытылмастай болған балалық шағымның бір шама сәттері бар еді.. Солар ойыма орала берді.. Баяғыда қалай еді.. Баяғыда:
- Шамамен 1997-99 жылдар. Боқмұрын кезім. Әлі есімде. Жаппай Алюмин алып жатқан кез. Менде тырбыңдап жүріп талайын өткіздім. Күнделікті төсектен  тұра сала - алюмин жинауға кететінмін. Күресін, қоқысты шарлап жүріп ақ сым іздеумее күнім өтетін. Құрттай - құрттай болсада бесін шәйға дейін біршама жинап - бірден темір алатын ағаның үйіне апаруға асығатынмын. Ақыры алюминде таусылды ауылда. Біз жалғыз емес едік.. Жинаушылар көп еді..
  Сол кездері Құдай өзі кешірсін, Балғаның төменгі жағында тұратын бір ересектеу бала екеуіміз түннің бір уағында ауыл сыртындағы мазарға барып, солардың белгісі ретінде орнатылған аллюмин пластинкалардан жасалған айларды да ұрлап, майыстырып өткізетін едік. Бірақ ақшаның құнын білмеген мен- аллюмин өткізіп тұрып: - Аға,  Ақшасына магазиннен анау -мынау ала  салам дегенде темір алатын кісі қуанып кетуші еді. Ұсақ түйек сататын магазіні бар-тін. Әйтеуір қанша апарсамда әрқашан сол кісінің  магазінінен: 1 тархун, екі қорап кукуруз, сағыз және чупа чупспен тағы бірдеңелер ғана алып шығып кете беретін едім.   Осылай күндер өтіп жатты. Бір күні кешке таман далада ойнап жүрсем-  көрші бала үйінен үлкен ойыншық робот алып шықты. Ой ана ойыншыққа қызыққаным ай. Бірден ұнаттым. Алғым келді. Алып ұшып үйге жеттім. Келе сала апамның(әжем) миын жеп, әпер-әперге бастым.. Қаталдау көрінгенімен қайран апам мені қатты жақсы көретін еді. Басында жоқ - жоқ дегенімен, ақыры мезі болған апам - мені жетектеп сонауу жақта тұрған Мәнтай апаның магазініне апарды. Барсақ, дәл сол робот тұр екен. Бағасы есімде жоқ, бірақ апамның үйден алып шыққан ақшасының жетпей қалғанын білем. Апам дүкенде тұрған кісінің тамырын басып: - Пенсия алғанда берем деп ары бері сұрап көріп еді- сатушы келіспеді. Ақыры үн түнсіз үйге қайттық. Сол күні өмірімде бірінші рет апамның мені жетектемекке ұсынған қолын алмадым. Алғым келмеді. Ақымақ басым апама оңбай ренжіген еді. Қысқасы алдына шығып алып- үйге келдімде бүк түсіп жатып алдым. Ерке едім. Әл есімде.  Апам жаныма кеп отырдыда ауыр күрсінді. Сосын басымнан сипап:
- Жүр аллюмин бар ма екен көрейік деп жүк сақтайтын бөлмеге(клет деуші еді) қарай тұрып кетті. Үндемей артынан ердім. Барсам апамның жастығының көзі болған 1 үлкен һәм қалың аллюмин кәстрөл, мантіварка және екі шәугімді шығарып қойыпты. Артынан апам қолына тескіш алып, бір күрсіндіде кәстрөлмен шәугімдерді балғамен ұрып тесе бастады. Мантіваркініңде домалақтарын өз қолымен майыстырып мөшекке салып жатыр. Бес алты алюмин тәрелкемен 20 шақты қасықтарда соның ішінен орын алды. Апам осы істерді істеп отырып, үнсіз жылап отырды. Мен байқасамда байқамаған болдым. Бала едім. Бар ойым роботта еді. Сол күні дәл сол Қытайдың ойыншық роботын - мына мені туғаннан бері бауырына басып, ала сиырдың сүтімен асырап бағып қаққан қайран апамнан артық көрдім.  Ақылсыз едім. Әттең..
  Ақыры темір өткізуге апам менімен бірге барып - сол күні роботты алып берді. Мен мәзбін. Қолда робот. Төбем көкке соғылғандай күйдемін. Менің қуанғанымды көріп апамда мәз. Бірақ сол роботпен төрт - ақ күндей ойнап, ақыры сындырып тынған ем. Шашылып қалды. Апам қатты ренжіді. Өкпеледі. Ол кезде қаншалықты екенін білмеген шығармын. Қазір білемін. Бірақ, қайран апам кешірген еді.. Ал қазір.. Апам баяғыда дүние салды. Роботтың да қайда қалғанын білмеймін.. Ал мен болсам.. Сол кездерді қатты сағынамын. Шіркін сол кезде сонша ақылсыз болмасамшы.. Апамды ренжітпес едім.. Қайран апам..
(С)Бурахан Даканов
#өмірімнің_бір_беті


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу