БЛОГТАР
БАРЛЫҒЫ
ПРОЗА
ПОЭЗИЯ
ДРАМА
СЫН
ЭССЕ
ФОЛЬКЛОР
САТИРА
ӨЗ ОЙЫМ
ШЕЖІРЕ
БІЛІМ
ТАРИХ
АУДИО
ВИДЕО
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
ӨНЕР
ЛАЙФХАК
ШОУ-БИЗНЕС
МЕНІҢ АСТАНАМ
ҚИССА
АУДАРМА
ЖАҢАЛЫҚТАР
САЯХАТ
РЕЦЕНЗИЯ
СҰХБАТ
19 сәуір 2022
188
0
Құралай
Қазағымның даласына туған Ай,
Сар даланы салқын тұман буғаны-ай.
Жауқазындар қарша жауған белдерді,
Мына жауын шаңын басып жуғаны-ай.
Дауыл көшіп көктем иісін қуғаны-ай,
Сағым болған күннің қайда шуағы-ай?
Сәуір келін боз текемет жайып жүр,
Дайын тұрса жаздың ала құрағы-ай.
Сылдыраған таудың тастай бұлағы-ай,
Суын ішкен қысыр сиыр қомағай.
Кекіл қақпай көбең күлік жорғалап
Көз үйіріп көк майсаға пырақ-ай.
Мың құбылып мына күнің тұрғаны-ай,
Бірде шыжып бірде дауыл бурап-ай.
Кәзекейге қамқа тонды кидірген,
Қай жаңалық әкелерсің құралай?
©Кабанбаев Е. 19.042022
Пікір қалдыру: