Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Наурыз (эссе)

БЛОГТАР

25 наурыз 2021
2011
2

Наурыз (эссе)

Наурыз!.. Қандай әсем сөз! Бұл мереке қазақ еліне өте маңызды. Неге десеңіз, себебі бұл күні Ай мен Күн теңеседі. Сондай-ақ, бұл қасиетті күні қазақ халқы жаңа жыл бастайды. Алтыбақан, теңге ілу, айтыс секілді ұлттық ойындар ұйымдастырылып, наурыз көже пісіріледі. Бұл дәм – ешбір тағам түрімен салыстырылмайтын дәм. Наурыз көжені ішкеннен кейін оны жыл бойы ұмытпаймын.

Наурыз мерекесінде бүкіл қазақ жұрты тарихын дәріптеп, өткенге саяхат жасайды. Ескі үйлер, ескі ғұрыптар қайтадан жаңартылып, халықтың иігілігіне ұсынылғанын айта кету керек. Сондықтан да киіз үйлер, ұлттық киімдер – наурыздың әсем бір бөлігі. Енді көзіңізді жұмып, мен айтқанды елестетіңіздер. Киіз үй ішінде сіз және достарыңыз ошақ жанында отырсыз. Алдыңызда тіл үйіретін тағамдар үйіліп тұр. Ал енді қалай? Керемет пе екен?

 

Сол себепті қазақ халқы наурыз мерекесін асыға күтеді. Егер сіз мұнымен бітті десеңіз, шатасасыз. Себебі бұл – тек басы. Мен әлі сізге бәрін айтып үлгермедім. Қазақ жаңа жылында да «аяз ата» бар. Бірақ оның аты – Қыдыр ата. Егер аяз ата сыйлық таратса, Қыдыр ата бақыт таратады. Менің ойымша, бақыт – сыйлықтан жақсырақ. Және мен жақсы көретін асық ойыны да осы кезде ойналады. Бұл ойындарды барлық қазақ ұлдары жақсы көреді. Ал қыздар бұрым өреді.

 

Иә, мен сіздерге барлығын айтып үлгерген жоқпын. Бірақ сіздер наурыз мерекесі туралы енді көбірек білетін болдыңыздар.

 

Авторы: Канафин Асқар,

38 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы


Бөлісу:
     

Пікірлер (2)

Зияда Бекмуратова

22.08.2021 18:40
Тамаша эссе!
Пікір қалдыру:
Captcha