Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
АҚИҚАТШЫЛ АҒАМА (жалғасы)

БЛОГТАР

01 қараша 2020
1034
0

АҚИҚАТШЫЛ АҒАМА (жалғасы)

....Маған ағаларымның ұлы, данышпан, бай болғандары емес, көңілдерінің бай болғандары да жетеді. Сен - менің жауһарымсың. Бағаңды білетіндер біліп, көре алатындар қазір де көзілдіріксіз-ақ көріп жүр. Көре алмайтындарға көрде көрем деу кеш болады. Көңіл сыйса, осы өмірде-ақ бар нығметті теңдей бөлісіп те әбен көріп қалуға болады... Тек ниет керек.  Бұл эссе ақ-адал ниетіне орай Н атты ағама сөз иесінен сый болсын.
 

Тұмардың тұңғиық көздерінен ыстық жас тоқтаусыз ағып жатыр. Тұмарға күлген ғана емес, жылаған да жарасады екен. Бала кезде не кисе де, құйып қойғандай жарасып кететін. Үй іші түгел таңғалысатын. Қазіргі үстіндегі ақ көйлегі де әдемі-ақ. Тек мына ескі көк кітапша мезгілсіз, тосыннан қайдан шыға келді?

 

Жас жанын тазартты ма, жеңілдеп қалғандай. Осы күнде көп дүние еріксіз түрде ұмытылып қалыпты. Мүмкін соңғы бес жыл бойы Ыстамбұлда тұрып жатқан соң, Қазақстанды еске түсіргеннен бе екен денесі қайта қалтырап кетті.Орындықтан тұра бере, бұрышқа сұлап отыра кетті. Бұл - 12 жасар жеткіншек Тұмардың мектепте ағасына туған күніне арнап жазған “Келешекке хат” деген эссесі екен. “27 жасар Тұмар ханшадан 36 жасар Нұрсұлтан баһадүрге хат. 01.11.2005 ж. ” деп жазып қойыпты шығарма шетіне.

 

Орнынан атып тұрды. Дауыстап қайта оқыды. Өзінің үні емес сияқты. Аяқ-қолы бірдей дірілдеп кетті. Қабырғаға солған жапырақтай жабысып әрең сүйкеніп тұр. Сонда қалай? 12 жасар қыз баланың бойында қандай қасиеті бар? Көріпкел ме? 15 жылдың ішінде болатын болашақты қалай дәлме-дәл сипаттап жазған? Қайдан білген? Қашан, қайда, қалай жазған? Әлгіні мектепке апарғаны да есінде жоқ. Мектепте мұндай тапсырма берердей тапқыр, ұшқыр ойлы мұғалімдерді де білмейді. Түсі ме, өңі ме бұл? Тым жақсы ғұмыр кешіп жатқанда оқыстан есінен адасайын демеген шығар. Атағы дүркіреп, қайраткерлік жолын ақыры бастап кеткенде, жарқырайтын күнінің осынша қысқа болғаны ма?

 

Ертең табиғатқа шығатын болып баяғы ескі де болса, сапалы сұр дорбасын іздеп  жаңа сарайды ақтармаса, аяқ асты мынадай естелікті таппас та еді. Бұл сары жәшіктің жалпы барын да ұмытқан екен. Қай бір жылдары көшкенде салып тастаған ғой. Тұмардың өзі қандай да бір тылсым күш кейбір сәттерді бұған әдейі ұмыттыртып тастатқандай әсерде жүруші еді. Рас екен-ау...


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha