Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Жастарым, саған аманат!

БЛОГТАР

21 ақпан 2020
495
0

Жастарым, саған аманат!

Бұл қазақ кім ?

 

Бұл қазақ кім?
Мен айтайын білмесең
Өз тіліңде сөйлей алмай тілдесең.
Анаң туған ,әкең туған ұлы ұлт
Тарих оқы, танымастан күндесең!

 

Бұл қазақ кім ?
Ұлан ғайыр атыраптың иесі
Оза шапқан, құнан, дөнен, биесі
Жүздерімен рулары бар ту ұстар
Әлмисақиан орын тепкен іргесі.

 

Бұл қазақ кім ?
Жайылатын дастарханы молымен
Дәстүр сақтап, жүрген ата жолымен
Менің жерім алыптардың анасы
Толағайдай тау көтерген қолымен.

 

Бұл қазақ кім ?
Ұл-қызы бар намысты
Ары үшін қанша жаумен алысты.
Қойдан жуас, көрінгенмен сабырлы
Шамасы бар, бағындырар ғарышты.

 

Бұл қазақ кім ?
Қолындағы беретұғын нанды үзіп
Балағынан тістесе де жанды үзіп.
Ұрпағымен мақтанатын бәріне
Сен сыйлайтын һәм қорғайтын жалғыз ұлт!

 

 

             *****************

Жастарым, саған аманат

 

Жастарым, саған аманат
Атамекенім ақ жерім
Киелі болған бақ жерім
Өзіңнен биік тұрса екен
Хандығым қонған тақ жерім

 

Жастарым, саған аманат
Дәстүрім, салтым, ырымым
Шашпауын таққан бұрымым
Тал бесік берген тәрбиеммен
Қырық үй тыйған тыйымым

 

Жастарым, саған аманат
Кең етек көйлек бөздерім
Жыраулар жазған сөздерім
Астарым, ұлттық домбырам
Қолына берме өзгенің

 

Жастарым, саған аманат
Әуезді әнім, боз күйім
Жат жұрттық болған өз үйім
Кереге, шаңырақ, уығым
Қанатты шатыр, киіз үйім

 

Жастарым, саған аманат
Көк майса жасыл шалғыным
Балалық шағым, бал күнім
Намысың қорғап арыңды
Гүлденсін жастық ал гүлің

 

Жастарым, саған аманат
Қазағым, ұлтым, иманым
Сарқытым, кәде сыйларым
Далаға шашпа бабамның
Қасық қанымен жиғанын

 

Жастарым, саған аманат
Болашақ, ертең, бүгін де
Көктегі жарық күнімде
Қор етпей таза сөйлеп жүр
Өзіңнің АНА тіліңде

 

Жастарым, саған аманат
Аспаным, көгім, жерімде
Өзенім, тауым, көлімде
Таптатпа ҚАЗАҚ намысын
Менің де ұлтым, сенің де!

 

  

      ******************

 

 

Азат күн

 

Азаттығын жырға қосқан
Қазақпын
Мен тірімін
Әрі еркін
Азатпын
Көкпар салып, шапқан кезде бәйгеге
Үнім шығар
Дүбіріндей боз аттың

 

Сыйы осы
Тәңір берген ғажаптың
Өтеуі не?
Өткен-кеткен азаптың
Сұрамаңдар
Тәубе дейік оданда
Шүкір, тәубе
Мен қазақпын
Қазақпын

 

Тілге шешен
Тілмен жиі озатын
Әнін шырқап
Көкке дауысын созатын
Кім екен деп
Сұрасаңдар мен жайлы
Тегім қазақ
Қазақ менің
Өз атым!

 

Бүгінгі күн
Шуақты әрі ғажап күн
Бағы болған
Төрімдегі қазақтың
Тұғырыңнан айналайын,
Еркіндік
Тек биікке
Асқақтай бер
Асқақтай бер
Азат күн!

 

 

 

        *****************

 

 

Қазақ қызы

 

Қазақ қызы , сен менің намысым ең,
Сол намысты аяққа таптап жүрсің .
Ілесем деп заманның ағысымен,
Жат ағымның қылығын жақтап жүрсің

 

Не болғанын білмедім мына саған,
Тектілердің қызы едің ізін жалғар.
Түнгі клуб, темекі, сыра саған,
Ризық па еді өмірден өзіңе алар?

 

Тәрбиең қайда, тал бесіктен берілген?
Әлде ол да сен шықпаған биік па еді.
Бұрымың қайда, шашпау тағып өрілген?
Шаштаразда қалдырған күйік пе еді ?

 

Көше кездің, байлыққа тән саудалап,
Қу нәпсінің құлқынын тыя алмадың.
Жаныңда жүр аш қасқырлар қаумалап,
Жай отырып үйіңе сыя алмадың.

 

Одан қалса тастадың қоқыстарға,
Шарананы туылмай шала болған.
Қайда кеткен аналар өзі түгіл, соғыстарда
Өзгенің баласына пана болған.

 

Ұшқыны да қалмаған іліп алар,
Сұлулығы тұрған менен бойларында.
Еш қылық та қалмаған үлгі алар,
Не барында білмедім ойларында.

 

Қазақ қызы, кеш емес түзет енді,
Кейіпіне ене бермей мақұлықтың.
Намысты ер, қызыңды күзет енді,
Түрі шетел болғанмен, сенің ұлтың!

 

 

 

          *****************

 

Шешілмей жүрген бір түйін,
Маған да тыным бермейді.
Ана тілімнің бір күйін,
Шала болғандар көрмейді.

 

Тарихты оқу бір қиын,
Байтұрсыновтан неге көрмейді?
Қазақ тілімнің бір сыйын,
Кейбір шенділер білмейді.

 

Бұрмалап, тілді тартқылап,
Оларға оңай өзге тіл.
Жанашыр қазақ шапқылап,
Һаріпті бұрып латынға
Керек дейді өзгерту!

 

Менің де айтар назым бар,
Құлақ сап тыңдар жан болса.
Жаңғыртып әріп, жазу бар,
Тұрақтап қалар таң болса.

 

Әліппиді ашып қаралық,
Ахметтен шығар даналық.
Жақсылап зерттеп алған жөн,
Болмасын істе шалалық.

 

Келісу көппен саналық,
Түбіне тарих(тың) баралық
Ермек етіп әріпті,
Жасамалық жаңалық!

 

 

 

      ******************

 

 

Оянбай жатырсыңба әлі қазақ,
тартсаңда қасіретті талай азап.
Мәдениет, салт-дәстүрің қолды болып,
Өз-өзіңе күлкілі болма мазақ.

 

Шырылдап жас балаша жылап еді,
Міржақыптай қазақтың Құлагері.
Көргенде бұрмаланған тілімізді
мөлдіреп тоқтамастан жылар еді.

 

Қолды болды шет елге қымызымыз,
қымыз түгіл кетті талай қызымыз.
Америка потенттеп киіз үйді,
қашан туар жұлдызды бір күніміз.

 

Қазағым қанша сенен алып туды,
Бірінен-бірі озып, шауып туды.
Даңқымызды асырған талай жерге,
ақындар мен батырлар, аты шулы.

 

Тағы сенен туады талай алып,
Көзіңе сенбей тұрарсың қайранқалып.
Тасада үнсіз-түнсіз тұра берме,
Мүңкіндік бар, жүрмегің шетте қалып!
 

 

Авторы: Назгүл Алаудин

 


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha