БЛОГТАР
БАРЛЫҒЫ
ПРОЗА
ПОЭЗИЯ
ДРАМА
СЫН
ЭССЕ
ФОЛЬКЛОР
САТИРА
ӨЗ ОЙЫМ
ШЕЖІРЕ
БІЛІМ
ТАРИХ
АУДИО
ВИДЕО
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
ӨНЕР
ЛАЙФХАК
ШОУ-БИЗНЕС
МЕНІҢ АСТАНАМ
ҚИССА
АУДАРМА
ЖАҢАЛЫҚТАР
САЯХАТ
РЕЦЕНЗИЯ
СҰХБАТ
26 қараша 2021
1637
0
ТӘКАППАР ЕМЕС БҰЛ УАҚЫТ

Шашубай ШАЙМЕРДЕН
Арзанға көңіл арланды,
Тыңдамай өз ақылын.
Ноқталап жүріп арманды,
Сусыды уақыт ақырын.
Тротуар үсті жолаушы,
Оңға да солға өтеді.
Күн деген көзді бояушы,
Білдірмей қалыс кетеді.
Дүкенге толы көшелер,
Өкірген көлік, трамвай.
Астына картон төсенер,
«Бомж» да жатыр тұра алмай.
Жеткізбей ойың желеді,
Сан-саққа тартып қадамдар.
Соғылып көппен келеді,
Бақытын іздеп адамдар.
Тәкаппар емес бұл уақыт,
Өзіміз жүрміз түсінбей.
Қадырын білсең – сол бақыт,
Білмесең жәй бір түсіңдей.
2015
Пікір қалдыру: