Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Азаткер ме, азапкер ме?

БЛОГТАР

30 шілде 2019
1218
1

Азаткер ме, азапкер ме?

Ол – Жа атты лақап есімге ие.

 

Ол – шыққан тегі беймәлім, қайда туғандығы, ата-анасы кім екендігі, қайда білім алғандығы, тіпті қай ұлттан екендігі де нақты емес, әлде қауесет, әлде аңызбен әдіптелген бір жұмбақ жан.

 

Ол – ғасырлар бойғы езгіден рухы әбден жасып, еңсесі түскен кішкентай халыққа көктен түскен пайғамбардың нақ өзі болып елестеген тұлға.

 

Ол шаршы топтың алдында көсіле сөйлегенде, тау бұлағындай сылдыраған тәтті сөзі тыңдағанның жан жүрегін шымырлата езілтіп, бордай егілткен.

 

Ол өзін қаумалаған халықтың арғыдағы арда, бергідегі бодан, бүгінгі бостан күндерінің тарихын замана мұңымен  өріп, тұздықтай қопарып, қолын құшырлана сермеп, түйдектеп-түйіндей саңқылдағанда тыңдағанның жүрегін өрекпітіп, қанын қыздыра тасытатын болған.

 

Ол – ана тілінен өзге, бірнеше тілді еркін меңгерген, халықаралық саясатқа жүйрік, көшелі де білімді жан.

 

Ол – атқан оғы жерге түспейтін мерген, шайқаста жеңілмес сардар, шаруашылыққа икемді, өсімқор адам.

 

Ол – діни оқудың түбін түсірген ғұлама, тыңдағанның аузын ашырып, көзін жұмдыратын уағызшы, әрі айтқаны айдай келетін көріпкел.

 

Ол – әлемдік алып державаның өктемдігіне қарсы шығушы, бодандықтан құтқаруға бекінген, азаттық аңсаушы күрескер.

 

Ол – алдап-арбау, сенімге кіру, үркітіп-қорқыту арқылы елеңдеп, елеуреген қалың елді соңынан қойдай шұбыртып ертуші.

 

Ол кім? Оның ойында не бар? Бастабында мұны осы елдің тағын баққан хан да, жанын баққан қара халық та ешбір аңдап сезбеген.

 

Ол ойлаған ой, ойнаған ойынның кесірінен қаншама жүздеген, мыңдаған адам зардап шекті. Қаншама адам мезгілсіз жанын беріп, жазықсыз құрбан болды. 

 

Ол – шындығында кім еді? Ол – кіші халықтардың елі мен жерінде үлкен империяның үлкен ойынын ойнаған ойыншы екен. 

 

Ол – нақты есімі Дамбийжанцан, лақап есімі Жа лама деп аталатын қаныпезер еді. Ол өзін жоңғардың азаткер ханы Әмірсананың аруағы қонған тікелей ұрпағы Түпсанамын деген. 

 

«Ол – азаткер ұлт көсемі». «Ол – жалған күрескер, қарақшы». Осы екі ұстанымды басшылыққа алған тарихшылар мен былайғы жұрт ол туралы аңыз бен ақиқатты айырып болмайтын сан түрлі деректерді әлі күнге дейін сапырумен келе жатыр. Болашақта да айтыла берер, бәлкім...


Бөлісу:
     

Пікірлер (1)

Алмабек Ақтайлақұлы

03.08.2019 19:30
Манап атамыздың әкесі Қыдырхан деген кісі болыпты. Он екі Абақ Керей Қыдырхан шешен , өзіміздің ел молла ағаң дейді екен. Кедей адам болыпты. Мұңғылша ,қазақша хат сауаты , орысша аздап түсінетін деңгейі болған деседі. Қылаң осы Қыдырхан шешенге өзінің қара атын мінгізіп "Жа" ламаның саяси көз қарасы мен адамдық сипатын біліп келуге жұмсапты. Қыдырхан шешен Алтайдағы он екі Абақ Керейден шешендер сайысына түсіп "Сұсты шешен" деген атақ алған дейді. Богда ханға Қылаңның атынан хат жазып апарып "Қызыл тасты зәңгі" деген дәрежесі бар, Саңырау руын басқаратын лауазым алыпты. Қылаң Саңырау ішінен оны бекер таңдамайды ғой. Әкесі Темір мен оның ағасы Есіркенді Сүкірбай би " Қызыл шоқты" деп атаған көрінеді. "Жа" лама адаммен сөйлескенде екі көзі ойнақтап , бір орнында тоқтамайтын, адамның бетіне тіке қарамай, бетін бұрып сөйлейтін адам екен. Айтып тұрған сөзі мен ойлап тұрған ойы мүлдем сәйкеспейтін , жалт берме , жалтақой адам көрінеді. Бір реткі мүдде үшін болмаса, адам сеніп жолдас болатын адам емес екен деп қортынды жасап беріпті.
Пікір қалдыру:
Captcha