Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Жұмекеннің күнделігі. 31-тамыз

БЛОГТАР

14 наурыз 2019
1043
1

Жұмекеннің күнделігі. 31-тамыз

31 август

 

«Наука и жизнь» журналының 5- 8 сандарында академик Амосовтың жазбалары жарияланды. Мұндай жазбаларға пәлендей сене де бермейміз. Себебі, аты академиктікі, заты басқаныкі болатын жайлар көп кезігетінін білгендіктен, пәлендей құлай қоймаймыз. «Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді» деген бар ғой. Дегенмен... Амосов жазбалары маған көп ой салды, соны оқу үстінде атақ, даңққа деген ирониялық (кекесіндік) көзқарасымнан айрылып қалғандай болдым. Өйткені, шын маман адамның ішкі жағдайын, психологиясын жазушы болса – әрине, бұдан тереңірек, әсерлірек жеткізер еді. Мынау олай емес. Істеген ісіне, ойлаған ойына әлдекімдерді (оқушыны) сендірейін, иландырайын деген пиғыл жоқ. «Бұл айда мен операция жасаған адамдардың бір де біреуі өлген жоқ». Бар қуаныш – жұбанышы. Қалай түсінсең олай түсін: слово подлинное. Человек! Не только академик.

 

 

 

ҰҚСАС МАТЕРИАЛ: Жұмекеннің күнделігі. 26-29-тамыз


 


«Советские ученые, Очерк и воспоминание» деген кітапты да қарадым. Түгел оқу мүмкін емес екен. Бәлкім, ішінде жақсыларының болуы заңды екенін ұға тұра, түгел оқи алар емеспін. Өйткені, бірден бетім қайтып, тауым шағылып қалды. Ландау мен Курчатов туралы түгел оқыдым. Қанша жақсы ойлайын десем де, бұл очерктер туралы ойлай алмадым. Қай абзацты, қай бетті қарасам да әйтеуір маған керек, не мені иландырар ештеңе жоқ. Былай жұмыс жасады. Еңбекқор еді, айтушы еді, бүйтушы еді, қатал талап қоятын еді, өзіне де, өзгеге де әділ талап қоятын еді, т.б. Мұны мына мен туралы да айтуға болады. Иә, жұрттың бәрі туралы. Не болмаса мынадай атақ берілді, орденге ие болды, сыйлық алды, немесе, қызмет дәрежесі өсті, академик сайланды: жұрт оған мынадай-анадай құрмет, пейіл көрсетті. Біреу бүйтіп, біреу айтып жағымпазданды. Очерктер ылғи осындай фактілердің төңірегіне құрылған. Ландауды, Курчатовты өзінің қай жылдан танитындағы, олардың авторды (естелік жазып отырған кісіні) қалай мақтағаны секілді, түкке татымайтын деректердің маған не керегі бар? Немене, ұлы адам – адам емес пе? Егер әлгі адамдар тап осы авторлар суреттегендей теп-тегіс, жұп-жұмыр болса... олардың ғылыми даналықтарына, жақсы адамдар болғандарына өз басым илана қоймас ем. Общее впечатление: ғалымдардың ғалымдық, кісілік қасиеттерінің бәрі – омырауларына таққан орден, медальдарында сияқты. Мәселен, Ландауың ұлылығын дәлелдеуге оның Нобель сыйлығын алғанын айтса жетіп жататын тәрізді. Глупость! Ғалымдардан гөрі кәдуілгі карьеристерге көбірек ұқсайды.

 

Ж.Нәжімеденов

 

 


Бөлісу:
     

Пікірлер (1)

Муханбеталиева Нурзия Есимгалиевна

18.03.2019 15:18
Тамаша. Өз жырларында адам жанының ішкі қатпарына терең философиямен бойлай білген бірден-бір, сезімі терең суреткер еді ғой Жұмекен аға. Ол ақынның жырларының мән-мағынасын түсіну үшін оқырманның ішкі рухани терең білімі мен мәдениеті болуы керек.
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу