Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Мағынасы өзгерген сөздер

БЛОГТАР

23 сәуір 2018
5507
0

Мағынасы өзгерген сөздер

 

 

Кейбір сөздердің әлдебір замандарда мағынасы өзгеріп кеткенін көреміз. Солардың қатарында ДӘРЕТХАНА сөзі бар.

 

Негізі таһарат (араб) - намаз алдында жуыну, біздің түсінігімізе, дәрет алу дегенді білдіреді. Ал таһаратхана - намаз алдында тазарып, жуынатын орын дегенді білдіреді. Яғни, ДӘРЕТХАНАДА мұсылман қауымы бет-ауызды, қол-аяқты жуып дәрет алады. Онда ешқандай физиологиялық әжет өтелмейді. Өзге діндегілердің туалеті (жорлон) ұғымын ДӘРЕТХАНА емес ӘЖЕТХАНА береді. 

 

Келесі бір сөз - САРАЙ. Сарай - түркі халықтары ұғымында сәулеті келіскен еңселі ғимарат. Хан сарайындай, кең сарайдай деген ұғым осыдан қалыптасқан. Орыс-славян халықтары түркілерге ғасырлар бойы бодан болған ызыты үшін мал қораны САРАЙ деп атап мұқатудан туындаса керек. Осы үрдіспен, яғни салт-санасында орыстану әсері бар өңірлерде мал қораны САРАЙ деп айта береді. 

Бұл белгілі деңгейде ұлттық, діни құндылықтардың мансұқталып, аяқ асты етілуі болып саналмай ма?

Мұндай қаншама сөз бар десеңізші!
 


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha