Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
«120» атты түрік әскерлері туралы фильм көрсетіледі

БЛОГТАР

27 қазан 2017
2512
0

«120» атты түрік әскерлері туралы фильм көрсетіледі

2017 жылдың қазан айының 29-ы бауырлас Түркия Республикасының құрылғанына 94 жыл және Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына орай Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы осы атаулы датаға байланысты Түркия елшілігінің қолдауымен «Айлық түрік фильмдері күні» атты шара ұйымдастырып келеді.  Астаналық күносүйер қауым осы шара аясында ай сайын бір түрік фильмін тегін тамашалай алады.   

 

Өткен ай қазақстандық көрермендерге етене танымал актер, Бурак Өзчивит «Махаббат саған ұқсайды» атты туындының басты ролін сомдаған тамаша фильмді ұсынған болатын.

 

Қазан айында Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы болған оқиға ізімен түсірілген «120» атты кинокартинаны бауырлас ел көрермендеріне ұсынатын болады. Қарға жазылған шынайы аңыз желісімен түсірілген фильмнің режиссері - Өзхан Эрен. Басты рольдерді Бурак Серген, Өзге Өзберк, Жансел Эльчин т.б. танымал түрік актерлері сомдайды. «120» фильмінің  көзі қарақты киносүйер қауым жақсы танитын «Жаужүрек мың бала» фильмімен мазмұндас  тұстары да мол.   

 

Қысқаша мазмұнына келер болсақ, «...Ван 1915 жыл қаңтар айы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталған кезі...Түрік армиясының қару-жарақ қоры бітуге жақын, шекараға шұғыл түрде Вандағы қоймадан оқ-дәрі жеткізілуі тиіс. Ересектер майданда болған соң бұл міндетті 12-17 жасар 120 жеткіншек өз мойындарына алады. Оларды сержант Мұса мен санаулы ғана әскер бастап жолға шығады. Жолда көптеген шабуылға ұшыраса да шекарадан келген лейтенант Сүлейман мен әскерлердің көмегімен қару діттеген жерге жеткізіледі. Жолдағы айқаста лейтенант Сүлейман қаза табады. Жаужүрек 120 жеткіншектің 22-нен басқасы шәйіт болады. Жастарына қарамастан отан үшін шыбын жанын шүберекке түйген балалардың аттары есімсіз қаһармандар ретінде тарихқа жазылып қалды».

 

Астаналықтар мен қала қонақтары фильмді ақысыз түрде 28 қазанда сағат 17.00-де  Керуен ОСО, Kinopark 7, 4 залында орысша субтитрмен тамашалай алады.

 

Байланыс телефоны: 8 7172 28 62 00 

Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу