Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы


Жолшыбек Жанар Ордабекқызы.Шардара ауданы, Октябрьдің 50-жылдығы атындағы совхозда 1973жылдың,26-шілдесінде туылған.Жасы 45-те.

Туркістан облысы,Ордабасы ауданы,Ұялыжар елді мекен тумасы.Шымкенттегі ОҚПУ университетінде педагогика-психология мамандығы бойынша білім алған.Аудандық «Жылдың -Үздік психологы 2015жыл» байқауында 3-орынды иленген және  «Наурыз-көктем мейрамы-2018жыл»  онлаин конкурсында қолөнер бөлімі бойынша оқушысымен бірге 1-орынды дипломмен марапатталған. С.Ысқақов атындағы негізгі орта мектебінде музей жетекшісі болып жұмыс жасайды.

Алламен тілдесу

                                                                 

                                                                             «Өзінің бойындағы тылсым  күш

                                                                                берген қасиеті бар,бірақ оны алла

                                                                                   нәсіп етіп ұстай алмай дертті  және 

                                                                                  жалғыз қалып өмірден өксіп,беймәлім

                                                                                 өтіп жатқан ауыл қазағыма арналады»

 

 

 

Алматыда білім алып,дикторлық жұмыс жасап тұруды кішкентайынан арман еткен Айжанның,бүгінде туған өлкеде әдемі үй салып,жалғыз тұрып жатқан жайы бар. Көкейінде мен неге?Алматыға жете алмадым деген сұрақтар жиі мазалайды. Өз-өзіне неше ме рет сұрақ қойса да жауап жоқ.Өзінің тылсым күш иелерімен байланысы барын сезетін Айжан,өзінің орындалмаған арманының осы себепті –деп, ойлайтыны да бар. Келесі кезекте ол өзі сияқты бойындағы тылсым күш берген қасиеті бар, бірақ, оны алла нәсіп етпей ұстай алмай дертті және жалғыз қалып өмірден өксіп,беймәлім өтіп жатқан ауыл қазағы туралы ойлап еді көзіне жас келді, өзін де , оларды да аяды.Ойласа сансыз ғасырлардан келе жатқан ата жолын дер кезінде  ұстанған қазақта бақытты екен, ал бұның кейбір туысын, әрбір ауылда кездесетін ата жолын ұстана алмаған  ұсталық,әншілік, ақындық, көріпкелдік, бақсылық  тағы басқа толып жатқан қасиетін барын білмеген, білсе де пендешілікпен мән бермеген,жол көрсетуші адамдар кездеспеген адасқан тағдырларды ойлап басы қатты,оның ішінде өз тағдыры тағы бар,не себепті түйіні шешілмейді? 

     Әлде тағдыр осылай жалғыз қалсын деген бе?.Бүгін ойлап отырса, өзінің де бала кезінен келген қасиетін ұстай алмай адасқанына өте көп уақыт өтіпті, орда бұзар жас адамның  ғұмырына саяды.Орта жасқа келгенше өзіне қаншама қиындық әкелген тылсым иелерімен өткен күресін ойдан өткізіп, ендігі жерде алладан күндіз-түні өзі ұстай алмаған қасиетінен біржолата босатуды кейде күліп, кейде жылап сұрайтыны бар,ондай шешім мазалағанына да алты жыл болыпты.Бірақ әлі алладан ондай шешім келмеген.Сондай толқулар кезінде,Айжан өзінің тылсым күш иелерімен  ағы мен қарасы бар,болған кездесулерін есіне алатын.Алғашқысы өз үйінде балалық кезде жасы 13-15 жасында болған еді,зал бөлмесінде кәдімгі адамдар айтатын мүйізді ер шайтанды көрген,бейнесі ер кісі жас жігіт сияқты бірақ тек екі мүйізі бар,перде артында тұрған.Қазір ойласа неге?! одан қорықпағанын,неге?!ол шайтан бұған көрінгенін ештеңе деп сөйлемегенін түсіне алмайды,оның қалай кеткені тағы беймәлім. Балалықтан ,жастықтан шығар,қазір сүйтіп көрінсе ол бөлмеге енді кірмес еді ғой, айқайлап көмекке шақырар еді,мүмкін шайтан арбайды деген осы шығар.Келесі кездесуі Шымкент қаласындағы туыстар үйінде болған,айтады ғой шайтандар ақ киім киіп жүреді деп,бұл орта жасар ер кісі ұзын бойлы қымбат ақ  костюм-шалбар киген бірақ мүйізі жоқ еді оның әжетхана жанында жүрген негізі әжетханаға дуалына сүйеніп біз 2-3 адам едік бізге сығалап қараған,ол кезде де ешкімге ешнәрсе айтпаған,және бір көрген кереметі алып адам бейнесі еді.Сол жасы 14-15-тер шамасы Айжан күздің алғашқы айының ортасында үй ауласындағы краннан су алуға барған.Кран батысқа орнатылған болатын,ауылдың алма бауы да батыста,тор шарбақтар болғандықтан бау көрініп тұратын.Айжан суды шелекке ағызды да,су толғанша екі қолын айқастырып алып,бауға, сосын аспанға қарады.

    Кенет ол кезде қазіргідей видео емес ,диафильм көрсетіліп жүретін  сол ғайыптан бір үлкен алып қол әрине оны көрген жоқ сезді,диафильмнің пленкасын айналдырғандай болды да,жылжып сурет пайда болды.Шашы тықырлап алынған кәдімгі француз киносында көрсететін графтарша киінген көзі аспан сияқты көгілдір тағы да ер кісі кереметі сол ол сурет өте алып  бүкіл аспанның жартысын алып тұр,аяғын неге көрмеген десе,енді ойлап отырса бау бар деп сол себепті көрмеген екен.Ол кісі бұған күлімдеп көзін тастап тұрды,бұл да қарады тағы да бірі-біріне сөйлемеді,бұл су толған соң үйге кетті.Бұл суретті көру себебім, суретші болатын шығармын деп шешкен оған ондай ой қайдан келгені белгісіз, үйдегі бауырларына да солай айтқан, суретті салып түрлі конкурстарға жіберіп жатты Москваға да СССР-кезі ғой,бірақ орын алмаған.Кейін біраз қиындықтар бастан өткен соң ғана айтатын болған бауырларына, ал олар өз кезегінде неге?! сол кезде бізді шақырмайсың,бізде көретін едік деген. Осы жағдайды  да көбірек ойлағаннан болар.Сол адамды іздеп мүмкін иконнан келген сурет болар деп, Шымкенттегі орыс шіркеулеріне де бас сұққан.Таппады.Сайрам ауданындағы бір емшіге барғанда сұрағанда ол айтқан-Әркімнің өз әруақтары болады қорғаушылары олар әртүрлі кейіпте адам, жануарлар, құс келеді солар деп түсіндірген.Бір күндері бойын зиярат ету керек деп ,маза бермеген соң шешуін іздеп, көрші ауылдағы сынықшы апайға барған. Ол кісі де мазасы болмай тұрған екен,сенің келгенің жақсы болды мазам болмай көңілім түсіп тұр еді сенімен сөйлесіп жақсы болдым дегені бар.Сол сынықшы апайы,саған аян етулеріне қарағандаТемірші әулиенің шын жатқан зираты Сарыағашқа бару керек екен деген, кісілерің өте сауатты, зиялы екен деп таңданыс,сүйсініс білдірген,және де бұған  сол кісілердің аяндарын орындағаны дұрыс болады мұқият бол дегені бар.Бұл да ол шешімі табылған кездесуге өте қатты қуанған,сынықшыға алғысын жеткізген.

Сүйтіп,Айжан жалғыз өзі Сарыағашқа зияратқа барып қайтқан.Сынықшының  айтқанын пайымдай келе, аспаннан көрген алып адамды да тапқан,ол француз өнертапқышы,ұлы математик  Блеск Паскаль болып шыққан.Ол кісі туралы ізденгенде ол жасы 30-дан асқанда оған зор сый алламен тілдесу келгені туралы жазылады,кешкі сағат 2200 -0100 арасы  яғни, 3 сағатқа жуық тілдесу жүрілген,алла анық бейнесімен көрінген екен ол кісіге,Б.Паскаль аянды шама-шарқынша қағазға түсіріп алған дейді.Осы оқиғадан кейін ол дінге беріліп көп уақытын  діни кітаптар оқуға, дұға жасауға арнаған екен 39 жасында қайтыс болған.Сонда дейді –ау Айжан алланың жалғыздығы,оның барлығының дәлелі сол христиан  дініндегі адамның,ислам дініндегі адамға көрінумен алла көп нәрсе айтқан секілді?!.Рухы жақсы адамдардың бұның қорғаушылары болғанына қуанады.

      Қазір айтылып жатыр ғой,адамда мың түрлі қасиет бар,құдай адамның болмысын  өзіне жақын етіп жаратқан деп,содан да шығар бұл өзінің таныстарынан естігені бар,бір мұғалімі өзіне 10-сыныпта  қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен сабақ берген  апайының Абай Құнанбаев атамыздың бейнесін аспаннан көргенін,ал бір құдайғыларының жас күнінде тоғайда тезек теріп жүріп,аспаннан бұлттарда чемодан ұстап кетіп бара жатқан 2-3 адамдарды көргенін  және бір туыс сіңлісінен кәдімгі бөшкеге мінген адамдар ұшып келіп жаздық жуынатын ауылдағы душ төбесіне қонып кішкентай қыздан әкең қайда деп сұрағанын естігені бар.Бірақ оларға тек бірақ- рет көрінген ондай құбылыс, ал бұған бірнеше мәрте,осының сырын ұға алмайды.Ал,одан бөлек түсі арқылы,сурет салу арқылы көбінде өзіне не болатынын алдын-ала сурет салып аян ететінін байқамаған ондай сурет салуы сол 6-сыныпта оқитын кезінен басталған,соған өкінеді.Мүмкін мән берген де өзін көп қиындықтан сақтарма  еді!?Бірақ  әлемге атақты көріпкел Ванга әжей айтқандай кинодан көрген, алдын-ала болжап айтқанмен ешкімге көмегі болмаса несіне айтамын дегендей ,Айжан да бұл жұмбақтың сырын әлі күнге дейін түсінбеген.Алдын-ала болжай білу қасиетінің тағы бір көрінісі ,бірде теледидардан спорттық хабар көріп отқан,жеңімпаз жап-жас жігіт Қазақстан жалауын иығына жамылып қуанып тұрған неге екенін қайдам сол жігіттің көп ұзамай арасы 2-3 ай, о-дүниелік  болатынын сезген,өз ойынан өзі қорыққан, шынында ол спортшы чемпион көп ұзамай жол апатынан қайтыс болған еді, және әнші апайы да аян етілген солай болды.Тағы да басқа өз басына қатысты,өзгелерге қатысты жақсысы көбірек әрине аяндары айдай анық келіп жатты, алланың құдіретімен көшенің атын,кафенің атын,зиярат ететін әулиелердің атын, керек десең екі адам көшеде әңгіме айтса солардың аузынан шығатын сөздерді арасында кездесетін айтатын болды, яғни болатын оқиғаларды дәл айтып болжау,әрине олардың ешқайсын ешкімге айтпаған.Бір кездері осылай үздіксіз тек күнде аянмен оянып,аянмен ұйықтауға душар болды,сол уақыттарда өз –өзінен мені осы кіммін, өз ойым бар ма? –деп, қорыққан кездері де болған. Сүйтіп жүргенде өзінің туыс сіңлісі Айжанды 2 рет ұзақ зиярат етулерге шақырды, керуенге қосылып зиярат етті.Өзін біршама өте жақсы сезінген.Ата-ана,бауырларының көмегімен сол жылы артынша көлікті болған,келер жылы үй салды.Бойындағы тылсым қасиеті осылай әртүрлі жағдайда көрініс береді,соңғы кезде өзін-өзі болмаса бір басқа адам туралы көмек бергісі келіп ойласа ақындарға  ұқсап өз жанынан өлең шығаратын болған,әрине оны тек өзі оқиды.Төрт шумақтан басталып он алты шумаққа шейін барады,көбін сақтамаған.Кейінгі кезде ғана кейбірін сақтайтын болған.Тағы бір байқағаны және өзінің қасиет келіп дұрыс ұстай алмаған,қазіргі жалғыз тұрып жатқан туыс ағасының айтуы бойынша тылсым күш иелері де /әруақтар/  адамға қонуға таласады екен,сенбейін десе Айжанның өзіне де әртүрлі кейіппен түсінде келеді, құлағына сыбырлаған кездері болған.Ал қазір Айжан жүрегімен сөйлейді.Туыс ағасы айтқандай олардың өзара татулығы жоқ дейді бастары бірікпейді, содан бата да жоқ –деп, түсіндіреді бұған. Қартайған туыс ағасы да әлі жалғыз және жалғыз сол тылсым күш иелерімен күресуде. Ия,Айжан намаз оқиды, дұға етеді.Негізі Айжан  ҚАЗ ССР-нің кезінде өмірге келген  сондықтан құдай жоқ –деп, өскен адам.Ал,намазға ,дұғаға өзі қатты ауырып,аян етілген соң, және емші-молда аға-әпкелерінің ақылымен жеткен, және сондай сауатты,білгір кісілерге жолыққанына аллаға,ол кісілерге алғысы шексіз,және де олай етпесе Айжан әлсірейді,кісілері де әлсірейді, әрине оның бәрін түсі арқылы біліп отырады.Яғни, алламен тілдесу адамға ауадай қажет дүние екенін түсінеді.Мүмкін алламен тілдесуді адам баласы ертеден бастаса оның өз қасиетін түсінуі жеңіл болар еді -деп ойлайды да.

    Бір қуанатыны,тәуелсіздік алғалы кейінгі жылдарда намазға жастардың көп келуі, мешіттерге адамдардың баруы,зиярат етулердің көбеюі, барлығы адамды рухани байытады -деп есептейді.Күлдір-күлдір кісінетіп күреңді мінер мекенбіз- деп,Асан қайғы бабамыз жырлап армандаған арманы орындалған, тәуелсіздік алып қазіргінің күреңін мініп жүргенімізге Ландкрузер, Тойота тағы басқа шүкіршілік дейік, тәуелсіздігіміз,еліміз мәңгілік болсын иншалла –дейді іштей Айжан да, көзіне мейірімді жаста, мейірімді күлкісі де келіп.Бірақ, алла жолына түсу оңай емес екенін де біледі.Әр нәрсенің өз қиындығы болады.Қолдан келері сол-қиындықты шешуді алла жеңілдетсін деп тілеу. Сонымен бірге,Айжан теледидардан, интернеттен,онлаин кітаптардан өзіне келген тылсымдық белгілердің жауабын іздейтіні бар.Әсіресе,интернет желісінде осы тақырыптарға молынан жауаптар табылады екен,оған өзі де қуанады.Оны жазған адамдарға да алғысы шексіз.Өз білімдерін қызғанбай бөліскен адамда дүниедегі ең жомарт,ең ұлы адам екеніне көзі жетеді және олар өз жолын тапқан бақытты адам болғандары үшін оларға қызығады.

     Ойлап отырса,тылсым күш иелеріне қатысы жоқ,олардан азат, өмірінде бір-рет  болсын тәуіп жағаламаған адам бәрінен бақытты.Өйткені тұрмыс тауқыметі бір басқа,ал оған тылсым күш иелерінің қосылуы одан да қиын мәселе.Соны,қазақ ағайын білсе дейді. Ал,Айжан қазағымыз  ендігі жерде толық бекінген,қалған өмірінде жалғыз қалмауға әлі де, болса өз жұбын тауып әйел бақытын көруге сонымен бірге осы бойындағы тылсымдық күштің бір арнаға түсіру ендігі оның маңдайына жазылғанын анық сезген.Содан да болар, кейде Айжан  қиялға беріліп бағзы замандағы-дай  емшілер, сиқыршылар мектебі болса дейтін.Себебі бұл да қазіргі тілмен айтқанда мамандық,басқа мамандыққа оқыту барда,бұл жолда жоқ.Неге?мүмкін бұл әлі адамдардың діни емшілікке көзқарасының әлі де екіжақтылығының әсері ме? Қайдам өз басы, сондай оқу орны ашылса бірінші барып түсер еді.Себебі, Айжан халық медицинасының да адамға өте қажеттігін біледі. Адам бойындағы көптеген аурулардың  кейде көз тиюден, дуадан,жын тию, яғни адамның адамға жасаған қиянатынан және бізге беймәлім күштерден  болатынын бұл түсінген және ол қазір өте көп дәлелденген нәрсе,әрине көбін өз басынан өткізген соң біліп отыр. Дегенмен, сол қасиет қонып емшілік жолға көп қиындық көріп келген адамдардың көбі сол көз тиіп ауырған,жын тиген,дуа,қаралығы болған адамдар.Бұл халық медицинасының бір сыры емші болатын адам бірінші сол өзі ем жүргізетін аурулармен  ауырып жазылады, сосын сол аурудан жазылған соң басқа адамдарға көмек бере алады,бұл да алланың тылсым құдіретінің бір сыры.

     Бір жақсысы, Айжан  мамандық таңдаудан кеш болса да шатаспаған,бақса өз бойындағы тылсым қасиетке жақын мамандыққа келген екен.Оған ол іштей қуанады, әрине балалық арман бір басқа еді, дегенмен қазіргі жұмысына өкінбеген, өкінгісі де келмейді.Айжан қазір үйде де,жұмыста да, түзде де адамдар арасында болса да өзін көбінде жалғыз сезінетін болған, әсіресе кешке үйге оралғанда,той-томалаққа барғанда жалғыздығы көңілін босатады,осы күйіне себепші болған алланың тылсым күші үшін, бірде алламен күліп сөйлессе, кейде ұрсып өкпелейді, кейде әліптің артын бағып тағы нендей аян берер екен –деп, қорқып та, біршеті ақыры қашып құтыла алмайтыным бар,аян берсе оған не себеп- деп, шешуге дайын бола қалады.Бірақ кейде байқап қараса жалғыздығын сезіну елқатарлы тек сүйген жары,балалары болмағаннан емес әлі өзі жасауы тиіс істің болмауынан,өзіне керегін таппағаннан ба?- дейтіні бар,өйткені көңілі әрдайым көбінде сапар шегуді,пайдалы бір іспен айналысуды қалайды да тұратыны бар,ондайда өзіне кейиді Айжан сенде бір -уақ демалшы -деп.Зорға дегенде өзін солай үйреткен,бәрібір кейде солай мазасызданатыны басым.Сонда да Айжан да пенде ғой, өмірде өзіне шынайы дос таба алмағанына, жақсы жар,ана бола алмағына шын етжүрегімен налиды, ондайда әйел бақытын бере алмаған өзін түсінбеген бас қосып айырылысқан қосақтарына да,сол бақытын бұйыртпаған аллаға да ренжиді.Сол бір ренішті кездерінде алдыңғы жылы аяғына жара шығып дәрігерден ем қонбаған соң тағы да тәуіп жағаланы  ойына оралды, ол жолы барған адамы алпысты алқымдаған жалғыз басты, өмірін емшілік жолға арнаған орыс кісі болатын.Осы кезге дейін дем салдыруға барған  көптеген емшілер ішіндегі жартысы айтқан қасиетті бұл да айта келе,алла қасиет берген кейбір адамын жалғыз қалдырады екен,саған мүмкін жалғыз қалу керек болған шығар емшілік жолыңда деген,соған мойын ұсыну керек деді,өзі де солай жасаған.Әйтсе де қасиетіңді алу үшін тылсым күш иелерінің өзі саған бата беруі керек,сенің міндетің сол күнді күту,сен асыққанмен алла асықпайды дегенге келтірді, бірақ қарап отырма өзіңді жан-жақты қорғай біл ол үшін өз бойыңдағы қасиетті шыңда көптеген дұғалық кітап оқып жатта -деп ағалық, даналық ақылын айтқан еді,ия бұған дейін де көптеген емші-молда аға-әпкелері солай деген- «Сен асыққанмен алла асықпайды».

      Айжан бұрыннан көп оқитын дұғаларды көбейтті,жаңадан орыс емшілерінің кітаптарын алды,оқыды, көп өзін мазалаған сұрақтардың жауабын тапты, интернет көмекшісі тағы бар.Өзінің де үнемі дұғамен жүрсе тәні мен жаны бірге марқаятынын, дұғасыз жүрсе әлсірейтінін сезген де. Көзіне соңғы он жылға жуық әсіресе түнде,таңда кей-кейде су,құм көрінетін болған.Су көбірек.Зиярат еткенде білген бұған су болып көрінетін Созақтағы балығы бар Бабатүкті Шашты Әзіз баба мен Семейдегі емдік балшығы бар Баянбай бабалар екен.Жақсы әулиелердің  қорғауына ия болғанына бұл тағы шын жүрегімен қуанған.Оны тәуіп апайы әруактар- деп түсіндірген.Құм зиянкестер. Осындай көп күндердің бірінде Айжан Шымкент қаласындағы көп базарлардың жанынан өтіп бара жатқан кенеттен үстіне оқыстан су шашылды, ол жан-жағына қарап фонтан жасаған кім- деп іздеді,жаз айы болатын мүмкін бірінен соң бірі қатар тұрған дүкеннен шашылған -деп топшылап,үйге қайтқан.Кейіннен ол құбылыс әртүрлі жағдайда бірнеше рет қайталанса да,мән бере қоймаған.Бірінде соқыр жаңбыр себеледі десе,бірінде не ойлағаны есінде жоқ.Арада бір жылға жуық өткенде ол тағы қатты ауырған, мазасы болмай кеткен соң, алдымен өз ауылындағы апасында оқылып,сосын еңбек демалысында  Астанада жүргенде  молда-емші жігітке  барып оқылып келген.Ол молда-емші жігітте көп ақыл-кеңес берді.Айжанның бір қасиеті жылдың қай мезгілі болса да, тамақтан соң кешкі серуенге шығуды ұнататын,сол әдетке салып сергуді ойлап үйден шыққаны сол еді,тағы да жаңбыр себеледі.Аспанға қарады, жұлдыздар бар екен,кенет ол бұл тағы тылсым күш иелерінің жасаған белгісі екенін енді ұғынды.Бойын қорқыныш сезімі билесе де,жел тағы басқа емес су ғой тазалық, жақсылық -деп өзін жұбатып,серуенін жалғастырды.Таңда тұрып өзінің осылай қиналғанда оқылып жүретін,ақыл-кеңес сұрайтын тәуіп апайына барды.Тәуіп апайы қорықпауын ,бұл жағдай әруақтардың сені ұшықтағаны жақсылық нышан - деп түсіндірді.Айжан аллаға шүкіршілік айтқан.Өйткені енді ол таза әруакты болдым -деп есептеді.Алламен тілдескен сайын  тілейтіні адам баласы нардай күшті өзіне берілген жүкті көтереді, алланың қалауымен оны барлық адам баласына тілейді өзі берген қасиетін ашып берсін,жолын ашсын, еш пенде қиналмасын -дейді де.Сол жолды ұстанған адамдардың жолын берсін жалғыз қалып, дертті болмасын , өксімесін,ер кісіге ер жігіт,әйелге әйел бақытымен бірге келген қасиетін де ұстап өзіне,еліне қызмет етсін дейді.   Міне, сұраққа толы сондай бір күндерде оған тағы бір аян келген,бұрынғы қателіктерден, алған өмірлік сабақтарынан қорықпай қазақша айтқанда бұның шырағы енді жанғалы тұр, уақыт сағатын алла енді шешіп берген, алланың рұқсаты енді жеткен,алдыңғы буын айтып ескерткен алланың рұқсаты келген сәт!.Ол аян мәнісі алды-артыңа қарамай жұрт сөзіне мән бермей,ешкімнен ақыл сұрамай көңілі қалаған жігітке тұрмысқа шығу,Айжан ол жігітті тапты да,сонда бұның «Ері әйелдің –пірі»  деген нақыл сөздің төркініне саятын яғни, өзін көп жылдар бойы мазалаған сұрақтардың жауабын алатын күннің де келгені үшін оны аян еткен алласы үшін сансыз шүкірлер айтты. Өзімен өмір бойы дос бола білген,осы жылдардағы  көрсеткен барлық ауыртпалығын нардай көтере білген қолдау, көрсеткен ата-анасына, іні-сіңлілеріне, ағайын-бауырларына,дәрігер,емшілерге деген алғысы шексіз екенін жеткізе алмайды екен.

   Соңғы алты жылғы жуық  өзін мазалаған сұрақтар бойынша кейбір емшілер сияқты ақындарша тосыннан келген өлең жолдарымен өзін-өзі  емдеп-демейтін болған.Сол өлең бүгін тағы туған:

                                   Алғашқы перзентіңмін,немереңмін!

                                   Қарындас,әпке тағы бауырыңмын.

                                   Бәріміз бір атаның баласымыз,

                                   Сапарым алдағы енді оңды болсын!

                                   Атымды Айжан қойған ата-анамды

                                   Сыйласын алла оларға беріп ұзақ жасты.

                                   Қаншама жыл тасада жатып  қалған

                                   Атымыз бәйгеге қоссақ біздің озсын!!!.

Айжан бұл тағы бір /аян/ алламен тілдесу артында тек көптен күткен әйел бақыты ғана емес, беймәлім қасиетінің де ашылар күні келгенін Алматыға жібермеген тылсым күштің себебі,туған жерден алыстамауы  барлығы тек әйел,ана бола білу бақыты ғана емес,туған жеріне,еліне  қызмет жасау міндеті  артылғанын ұғынды,ол осы екі қызмет үшін жаралған.

 

Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар