Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Оразгелді Жанерке


Мен, Оразгелді Жанерке, Түркістан облысы Созақ ауданының тумасымын. 11-сынып оқушысымын. Аудандық, облыстық олимпиадалар жеңімпазымын. Жас пікірсайысшы. Бос уақытта өз ойымды ақ параққа өрнек етіп түсіруді жақсы көремін.

Ауылым - алтын бесігім

Ауыл - тіршілігі қайнаған, ұлтымыздың небір қиындығына куә боп, бүгінгі жаңа мәдениеттер мен жаһандану қиындығын өткеріп жатқанда ұлттық болмысымызды сақтап келе жатқан құтты мекені. Қазіргі таңда еліміз Руxани жаңғыру-болашаққа бағдармен ауылдың бір тыңысын кеңітіп, ұлттық санамызды  жаңартып жатқаны белгілі. Дегенмен,елбасымыздың бұл кемел саясаты үлкен қаладағы өмірді қарапайым қазақ ауылы тіршілігіне бұрып жатқандығымен оң нәтиженің де әзір бой көрсетіп жатпағаны да ақиқат.Осы тұста ауыл өмірі мен қала тіршілігіндегі айырмашылық қандай?
         

Қазақ xалқы ежелден-ақ бөлінбедік.Сол ұлы қасиетіміз бізді өрге жетелеген.Қаншама нәубетті бастан өткеріп,көзіміз жаугершілік заманның куәсі болды.Бірақ,берілмедік.Халқымыз осыншама ауыртпалықты бастан өткергенде,қазірдегі екіге бөлінушілік,меніңше,ата-бабамыздың қанымен келген тәуелсіздікті жерге таптағанмен бірдей.Мендегі ой,жік-жікке бөлінбей қала өмірін ауылдағыдай сақтау керек.

     

Біріншіден,бірге тұрған көршіңді танымау қазаққа жат қылық еді.Ал, ауыл көршіңді танымақ түгіл оның туысы сенің туысыңдай болған киелі мекен.Міне, осы қасиет қазақты біріктіреді.
     

Екіншіден,бейтаныс адамнан жол сұрап, уақытының аздығын, сұрақты елемей қоюы таңсық жағдай емес.Ауылда,жол сұрасаң,өзінің жолын ұмытып,сені барар жолыңа жеткізіп тастауы әлі де болса,қазақтар бойындағы имандылықты байқатады.
       

Үшіншіден,тілімізді қайткенде өшірмейміз, өрлетеміз,дамытамыз,-деп жүргенде қала xалқы еліктеушілік әсерінен тілімізді шұбарлап жатқандағы жүректі қынжылтады.Ал,ауылда басқа тілді көпшілік білмейді.Білген күннің өзінде, қарияның көзін сыйлап өзге тілде сөйлемейді.
     

Қорытындылай келе,ауыл-ұлтымыздың,xалқымыздың,күллі қазақтың алтын тұғыры. 

Ауылға барам,
Бәрі де таныс ел жақта,
Аңқылдайды олар,
Қарамайды олар бар жоққа,-деген өлең жолдарынан байқайтынымыз, қаланың тасбауыр тіршілігінен шаршағанда, жанымыз байыз табатын жер тек біреу, ол - ауыл.

Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар