Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Әлия Бөпежанова

Әлия Бөпежанова

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Әлия Бөпежанова - 1952 жылдың 4 желтоқсанында Жамбыл облысы, Сарысу ауданының Саудакентінде дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогика институтының филология факультетін бітірген. Еңбек жолын Сарысудағы Жайлаукөл ауылының орта мектебінде мұғалім болып бастады. 1976–1979 жж. ҚазМУдің аспирантурасына сырттай оқып, республикалық «Қайнар», «Жалын» баспаларында редакторлық қызмет атқарды. 1980–2001 жж. республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі болып үзіліссіз еңбек етті. 1993–
1998 жж. газеттегі қызметімен бірге, Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі болды. 2001– 2003 жж. республикалық «Алтын орда» апталығының Алматыдағы тілшілік бөлімінің жетекшісі, 2003 жылдан «Хабар» агенттігінде сарапшы редактор. Алғашқы рецензия, сын мақалалары «Жұлдыз» журналы, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жастар жастар туралы», «Сөзстан», «Уақыт және қаламгер» жинақтарында жарияланды. «Өрнектер» (1991) әдеби сын, «Дүние – имани құбылыс» (2001) әдеби сын, өнер, мәдениеттанушылық жинақтарының, сондайақ ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Сүлейменов шығармашылығы бойынша «Парасат падишасы» (1998), «Болмыспен бетпебет» кітаптарының (2001), «Кек» драмалық (2001) жобаларының авторы.
Көркем аударма саласында да жемісті еңбек етіп келеді: А.Кимнің, сондайақ Азия жазушыларының әңгімелерін (1979,1984), И.Ракшаның «Қайран, дүние» (1985) повестер жинағын, А.Лауринчюскастың «Соңғы аманат» (1987), Р.Солнцевтің «Мұнар да мұнар, мұнар күн» (1989) драмаларын, Е.Замятиннің «Еділ патша» («Атилла», 1996) трагедиясын, В.Смеховтың «Әлибаба және қырық қарақшы» (1998) мюзиклі («Мың бір түн» желісімен) және әдебисыни, мәденифилософиялық көптеген мақалаларды орыс тілінен қазақшаға аударды.
Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен марапатталған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2002).


Көп оқылғандар