Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Шәрбану Құмарова

Шәрбану Құмарова

Рейтинг: 5.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

 

Шәрбану Құмарова - 1936 жылы, ІЗ мамырда Алматы облысының Есік қаласында туған. 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тіл-әдебиет факультетін бітіреді. Сол жылы «Қыз сыры» атты тұңғыш әңгімелер жинағы жарық көреді. 1961 — 1966 жылдары «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, 1966 — 1968 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, 1968—1972 жылдары республикалық «Мәдениет және тұрмыс» (бүгінде «Парасат») журналында жауапты хатшы .1972 — 1974 жылдары. М.О.Әуезов атындағы академиялық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі. 1976—1986 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, «Қазақстан әйелдері», «Парасат» журналдарында қызмет етті. 1991 жылдан республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1999), «Құрмет» орденінің иегері. Алматы облысы Есік қаласында Ш.Құмарова атындағы көше бар.

 

Көп оқылғандар