Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Мархабат Байғұт

Мархабат Байғұт

Рейтинг: 1.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Мархабат Байғұт (25.5.1945 жылы туылған)  – жазушы, «Алаш» сыйлығының лауреаты (1996), ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген.

Әскери борышын өтеген соң Түлкібас ауданының «Шамшырақ» газетінде, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде көп жылдар бойы әдеби қызметкер, мәдениет, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болды, облыстық партия комитетінде жауапты қызметтер атқарды.

1985 – 2001 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының облыстық бөлімшесінің жетекшісі, облыс әкімшілігі аппаратында ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, облыстың тіл басқармасының бастығы (1993 – 97). Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің, облыстық басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

2001 жылдан басқарма бастығы. «Шілде», «Сырбұлақ», «Интернаттың баласы», «Нәуірзек», «Қорғансыз жүрек», «Дауыстың түсі», «Машаттағы махаббат», «Серт пен сенім», «Ақпандағы мысықтар», тағы басқа кітаптары жарық көрді. Шығармалары орыс, украин, өзбек, түрік, қарақалпақ, саха тілдеріне аударылған. Ол В.Шукшиннің, Ю.Покальчуктің, Ш.Айтматовтың шығармаларын, У.Ирвингтің Мұхаммед пайғамбар туралы кітабын аударған.

 Республикалық «Жалын» баспасы белгілеген сыйлықтың екі дүркін, «Қазақ әдебиеті» газеті сыйлығының үш дүркін иегері.

 «Құрмет» орденімен марапатталған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2004).

 

 

Көп оқылғандар