Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Шериаздан Елеукенов

Шериаздан Елеукенов

Рейтинг: 1.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Елеукенов Шериаздан 1929 жылы 3 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы, Аршалы ауылында туған.

Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеті орыс журналистика бөлімін үздік дипломмен бітірген. 1951–1959 жж. Шығыс Қазақстан облыстық «Алтай большевигі», кейін «Коммунизм туы» газетінде істейді. 1963 жылы КОКП Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясы әдебиет теориясы бөлімінің аспирантурасына түседі. «Қазақ романы және қазіргі заман» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғайды. 1964 жылы «Газет жанрлары» атты оқу құралы, 1968 жылы «Казахский роман и современность» атты монографиясы жарық көрді.

1967–1971 ж. партия қызметінде: ККП ОКнің Насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы, баспасөз, радио және теледидар секторының меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 1971–1986 жж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болды. 1986–1988 жж. Қазақ КСР ҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметін атқарды. Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытовтардың өмірі мен шығармашылығы туралы « Жаңа жолдан» («С новой строки») атты кітап жазып жарыққа шығарды. (1989). 1988 жылдың қыркүйек айынан бастап М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері болып істеді. 1989 жылы «Қазақ романының идеялықкөркемдік және жанрлық ерекшеліктері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. «Казахский роман и совремменность», «Замандас парасаты», «От фольклора до романаэпопеи», «Әдебиет және ұлт тағдыры» (1997), «Сұлулыққа іңкәрлік (1999), «Ғасырмен сырласу» (2004), «Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде» (2006), «Казахская литература: новое прочтение» (2007), «Тәуелсіздік биігінен» (2007), «Мағжан. Өмірі мен шығармагерлігі» (2008) атты кітаптары, «Әттең, дүние» романы (2002) мен «Мұхаметжан – Мархума» (1998) атты деректі повесі, «Кітаптану негіздері» (1997), «Қазақ кітабының тарихы» (Ж.Шалғынбаевамен бірге, 1999) оқулықтарын, «Мағжан Жұмабаев» (1999) кітапшасы және мектеп оқушыларына арналған «Мағжан Жұмабаев» атты (1991) оқулықтары жарық көрді. Мағжан» монографиясы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазақ ПЕНклубының Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық сыйлығының иегері.

Көркем публицистикасы үшін Ш.Елеукеновке Қазақстан Журналистер одағының Смағұл Сәдуақасов атындағы сыйлығы берілген. «Емтихан» атты сатиралық комедиясы Абай атындағы Жамбыл облыстық және Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрларында қойылды. Бірқатар пьесаларды қазақ тіліне тәржімалады.

Екі дүркін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің құрамына, үш мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болды. Қазақстан тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау қоғамы орталық кеңесінің мүшесі, ГДРмен достықтың Кеңес қоғамы қазақ бөлімінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссияның мүшесі секілді қоғамдық жұмыстарды ұзақ жылдар бойы атқарып келеді.

«Құрмет Белгісі» орденімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Құрмет Грамоталарымен марапатталған. «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері». Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиянты. «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері».

Көп оқылғандар